Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің кейінге қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Спортшы бұл ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, 27 желтоқсанға жоспарланған бокс кеші бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерге, соның ішінде қарсыласқа байланысты себептерге орай өтпейтін болды.
«Құрметті жанкүйерлерім, 27 желтоқсанда Алматыда жоспарланған бокс кешінде мен рингке шықпаймын. Бұған бірнеше себеп әсер етті, оның ішінде қарсыласқа қатысты түйткілдер бар. Егер барлық мәселе оң шешілсе, жекпе-жек шамамен бір жарым айға шегеріледі. Нақты күні белгілі болған соң, міндетті түрде хабарлаймыз», – деп жазды Қанат Ислам.