freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан үшін маңызды “Шесхарис” мұнай терминалына тағы соққы болды. Өрттің арыны қатты.

Әлем
Қазақстан үшін маңызды “Шесхарис” мұнай терминалына тағы соққы болды. Өрттің арыны қатты.
ФОТО: ©UNIAN

Украина 2 наурызға қараған түні Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск айлағындағы “Шесхарис” мұнай терминалына дрондармен соққы берді. Бұл туралы DW жазады.

Айлақ қарайтын Краснодар өлкесінің жедел штабының мәліметінше, шабуыл кезінде атып құлатылған дрондардың жарықшақтары тұрғын үйлерге де зақым келтірген. Әзірге кем дегенде 5 адам жарақат алғаны белгілі болып отыр. Өрттің күшіне де оарасан деген баған беріліп жатыр.

“Шесхарис” мұнай терминалы - Қазақстан үшін ең маңызды кешендердің бірі. Каспий Құбыр Консорциумы өндіретін мұнайдың 70% дерлік әлемдік нарыққа Қара теңіздегі  терминалдар арқылы жіберіледі. Былтыр жасалған соққылардың салдарынан Новороссийскіге мұнай айдау бірнеше күнге тоқтатылған болатын.

Әлеуметтік желідегі қазақстандықтар ол оқиғаға түрлі баға берген. Парламент мәжілісінің депутаты Айдос Сарым болса, Бас прокурордан Каспий Құбыр Консорциумына келген зардапқа қуанатындарды жауапқа тартуды сұраған болатын

Ал 25 ақпан күні АҚШ тарапы өзінің Қазақстандағы инвестициялық мүдделері бойынша Украинаға ескерту жасап, Новороссийск айлағына соққыдан АҚШ-та зардап шегетінін ескерткен еді,.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу