freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда инвестиция көлемі 3,46 трлн теңгеге жеткені айтылды

Экономика
Қазақстанда инвестиция көлемі 3,46 трлн теңгеге жеткені айтылды
Ашық дереккөзден

2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артты, деп хабарлайды Malim.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, инвестицияның жалпы көлемі 3,46 трлн теңге болды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,4 пайыз болған. Негізгі өсім шикізаттық емес секторға тиесілі. Бұл бағытта бюджет қаражатын есептемегендегі инвестиция көлемі 2,31 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 128,1 пайыз болды.

Ел бойынша жан басына шаққандағы орташа инвестиция көлемі 168,8 мың теңге болды. Инвестиция құрылымында өндірістік базаны жаңартуға бағытталған шығындардың үлесі артты. Машина, құрал-жабдық және көлік сатып алуға жұмсалған қаражат 1,3 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 143,1 пайыз болды. Ал құрылыс пен күрделі жөндеуге салынған инвестицияның нақты көлем индексі 90,9 пайызға дейін төмендеп, жалпы көлемі 1,99 трлн теңге болған.

Инвестицияның басым бөлігі бұрынғыдай кәсіпорындар мен инвесторлардың өз қаражаты есебінен жүзеге асты. Оның көлемі 2,43 трлн теңгеге жетті. Бюджеттен 377,1 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 115,3 млрд теңге республикалық бюджеттен, 261,8 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Банктер берген несие 271 млрд теңгені құраса, өзге қарыз қаражаты 382,5 млрд теңгеге жетті. Жалпы инвестицияның 82,9 пайызы ішкі қаржы көздерінен тартылды. Ал сырттан келген қаражат үлесі 17,1 пайыз болды.

Салалар арасында ең көп қаржы дәстүрлі түрде өнеркәсіпке бағытталды – 1,5 трлн теңге. Оның ішінде 564,8 млрд теңге тау-кен өндіру саласына, 502,6 млрд теңге өңдеу өнеркәсібіне, 360 млрд теңге энергетикаға жұмсалды. Бұдан бөлек, жылжымайтын мүлік саласына 714,4 млрд теңге, көлік және қоймалау саласына 468,5 млрд теңге, тұрғын үй құрылысына 662,6 млрд теңге инвестиция салынды.

Өңірлер арасында инвестиция көлемі бойынша Астана көш бастады — 413,7 млрд теңге. Одан кейін Алматыда 373,6 млрд теңге, Түркістан облысында 354,2 млрд теңге болды. Сондай-ақ Атырау облысында бұл көрсеткіш 300,9 млрд теңге, Жамбыл облысында 218,1 млрд теңге.

Инвестиция өсімінің ең жоғары қарқыны Жамбыл облысында тіркелді — 171,6 пайыз. Одан кейін Түркістан облысы — 171,2 пайыз және Ұлытау облысы — 166 пайыз.

Ал Қостанай облысында, Жетісу облысында және Шымкентте инвестиция көлемінің төмендеуі байқалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу