Қазақстанда 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жалақы мөлшеріне қатысты ресми мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Статистикалық бағалауға сәйкес, медиандық жалақы (жалақының орталық деңгейі) 300 307 теңгені құраған. Ал орташа номиналдық жалақы (шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алмағанда) 423 133 теңге болды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7 пайызға өскен.
Салалық тұрғыда ең жоғары өсім келесі бағыттарда байқалды:
- Ақпарат және байланыс – 31,3%
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%
- Өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1%
- Денсаулық сақтау – 6,2%
- Білім беру – 6,1%
Өңірлер бойынша ең жоғары өсім:
- Ұлытау облысында – 19,4%
- Қостанай облысында – 14,6%
- Алматы қаласында – 14,2%
Фото: Malim.kz