freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандағы орташа жалақы 461 мың теңгеден аст

Экономика
Қазақстандағы орташа жалақы 461 мың теңгеден аст
Фото: gov.kz

Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақы 461 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың I тоқсанында бұл көрсеткіш 461 486 теңгені құраған. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға жоғары. Ал нақты өсім 7,7% болды.

Бағалау бойынша, 2026 жылдың алғашқы тоқсанындағы медианалық жалақы 331 527 теңгеге жетті.

Салалар арасында жалақының ең жоғары өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркелді — 20,3%.

Сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметінде – 18,1%, сумен жабдықтау және қалдықтарды өңдеу саласында – 16,5%, ал электр энергиясы, газ және жылумен қамту бағытында – 14,7% өсім байқалды.

Бұдан бөлек, көлік және қоймалау саласында жалақы 12,9%-ға, өнеркәсіпте 11,6%-ға артқан. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында өсім 7%-ды, білім беру саласында 4,2%-ды құрады.

Өңірлер бойынша ең жоғары өсім Абай облысында тіркелген — 14,2%. Одан кейін Павлодар облысы – 12,4%, Жетісу облысы – 12,2%, Алматы облысы – 10,9% және Алматы қаласы – 10,7% көрсеткішпен көш бастады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу