Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Қоғам
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Қазақстанда цифрлық контент авторларының салық төлеуі жандана түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржы вице-министрі Даурен Темірбековтің мәлімдеуінше, Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) табысын аз көрсеткен 850 блогерге хабарлама жіберген. Нәтижесінде 360 блогер өз табысын мойындап, салық төледі.

«Олардың шамамен жартысына жуығы – 360 блогер табысын ерікті түрде растады. Жалпы табыс сомасы – 10,5 млрд теңге. Төленген салық мөлшері – 256 млн теңге», – деді Темірбеков Мәжілістегі брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, нақты салық төленбеген соманы анықтау қиын. Алайда, салық міндеттемесін орындамаған блогерлерге қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмақ.

Еске салсақ, биыл 13-14 ақпан аралығында МКК 594 цифрлық контент авторына табысты жасыру бойынша камералдық бақылау аясында ескерту жолдаған болатын. Комитеттің бағалауынша, блогерлер жалпы сомасы 53,3 млрд теңге табысты жасырған. 13 наурызға дейін 63 блогер 105 млн теңге салық төлеген.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу