freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық самбошылар Ереванда өткен әлем кубогында табысты өнер көрсетті

Спорт
Қазақстандық самбошылар Ереванда өткен әлем кубогында табысты өнер көрсетті
Спортты дамыту дирекциясы

Армения астанасы Ереванда спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем кубогы аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Жарыстың соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы да медальдармен толықты. Оның ішінде жауынгерлік самбодан Санжар Нұрсейіт (79 кг) пен Райхан Мәди (98 кг) алтын жүлде жеңіп алды.

Күміс медальді Серік Шадияр (64 кг-ға дейін), Жалғас Жұмағалиев (79 кг-ға дейін) және Ерасыл Ғабдулманап (98 кг-нан жоғары) еншіледі.

Ал спорттық самбодан Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг-ға дейін), Аружан Сатова (65 кг-ға дейін) және Мадина Ержан (80 кг-ға дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль жеңіп алған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу