Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның үш өңірінде халық саны азайып жатыр

Қоғам
Қазақстанның үш өңірінде халық саны азайып жатыр
Фото: pngtree.com

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанда 249,3 мың адам дүниеге келіп, 97,7 мың адам қайтыс болған. Осылайша елдегі табиғи өсім 151,6 мың адам болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтерінде жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Республика бойынша халықтың табиғи өсімі оң серпінде сақталып отыр. Алайда кейбір өңірлерде кері үрдіс байқалуда. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында халық саны 947 адамға, ал Шығыс Қазақстанда 343 адамға азайған.

Қостанай облысында жалпы халық саны артқанына қарамастан, ауылдық жерлерде тұрғындар саны 124 адамға қысқарған. Бұл урбанизация үдерісінің жалғасып жатқанын және ауылдық аумақтардан қалаға көшу динамикасының әлі де өзекті екенін көрсетеді.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, ел халқының өсу қарқыны жалпы алғанда тұрақты. Дегенмен жекелеген аймақтарда халықтың азаюы өңірлік даму стратегиясын қайта қарауды қажет етуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу