Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғыз тіліне қатысты дау: «Куликов» пен блогер ымыраға келді

Қоғам
Қырғыз тіліне қатысты дау: «Куликов» пен блогер ымыраға келді
Фото: видеодан кадр

Қырғызстандағы қоғам белсендісі Ақтілек Орозбеков пен «Куликов» кондитерлік үйі арасында туындаған жанжал сәтті шешімін тапты. Бұл туралы екі тарап әлеуметтік желілерде жарияланған бірлескен видеоүндеу арқылы хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz open.kg сайтына сілтеме жасап.

Жарияланған видеода «Куликов» өкілдері белсендіге қарсы бұрын берілген арызды кері қайтарып алғанын және оған қатысты ешқандай талап-арыздары жоқ екенін мәлімдеді. Компанияның ресми өкілі жанжал келіссөздер барысында реттелгенін, тараптардың өзара түсіністікке келгенін атап өтті.

Ақтілек Орозбеков те татуласуға қол жеткізілгенін растап, компанияға да, оның қызметкерлеріне де ешқандай наразылығы жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, орын алған жағдай түсінбеушіліктің салдарынан туындаған.

Белсендінің айтуынша, оның басты мақсаты – қырғыз тілін насихаттау, жанжал шығару емес. Орозбеков болашақта мұндай мәселелер тек диалог пен өзара құрмет арқылы шешіледі деген үмітін білдірді. Тараптар бұл жағдайды толық жабық деп есептеп, алдағы уақытта бейбіт әрі конструктивті қарым-қатынасты сақтауға ниетті екендерін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Куликов» кондитерлік үйі Ақтілек Орозбековке қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны қамауға алу туралы сотқа өтініш берген болатын. Бұл туралы белсендінің өзі әлеуметтік желілерде хабарлап, жанжал шамамен тоғыз ай бұрын «Куликов» желісінің бір мекемесінде болған оқиғадан кейін басталғанын айтқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу