freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қыз-Жібектің комзолы": Министрлік құнды жәдігерді Баян Есентаева қалай иеленгенін тексермек

Қоғам
"Қыз-Жібектің комзолы": Министрлік құнды жәдігерді Баян Есентаева қалай иеленгенін тексермек
Ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсер Баян Алагөзованың "Қыз Жібек" фильмінде қолданылған камзолды киіп түскен видеосының дау тудыруына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz  Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрліктің хабарлауынша, "Қазақфильм" киностудиясының музей қорында "Қыз Жібек" фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткені қазір анықталып жатыр.

"Қазақфильм" киностудиясы ұлттық фильмдерде пайдаланылған құнды реквизиттерді, костюмдер мен басқа да тарихи маңызы бар заттарды жүйелі түрде жинақтап, қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс ұлттық мәдени мұраны келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған", – деп жазылған ресми хабарламада. 

Еске салайық, продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильмінде актриса Меруерт Өтекешова киген тарихи қамзолды алғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялаған болатын. Алайда, бұл видео кейбір желі қолданушылардың тарапынан сынына ұшырады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу