Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызметкерлерін балағаттаған Жамбыл облысы полициясының бастығы қызметінен шеттетілді

Қоғам
Қызметкерлерін балағаттаған Жамбыл облысы полициясының бастығы қызметінен шеттетілді

Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзинге қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің қол астындағы қызметкерлеріне ұрысып, бейәдеп сөздер айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Видеода Арманбек Баймурзин жиналыс кезінде үстелді бір қойып, қызметкерлерін балағаттап, «Сендерді жек көремін. Бұл жерден жоғал» деген сөздерді айтқаны байқалады.

Осы видеоның таралуына байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қызметтік тексеріс тағайындалды.

«Министрлік өкілдері мен ІІМ ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандары өңірге жіберілді. Қызметтік тексеріс жүргізу кезеңінде Арманбек Баймурзин қызметінен шеттетілді», - делінген хабарламада.

Фото: Жамбыл облысының Полиция департаменті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу