Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Халықаралық Манас әуежайынан Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров құрметпен шығарып салды.
Бұған дейін президент Бішкектегі Кемел Тоқаев атындағы мектеп-гимназияға барған еді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бірнеше бағытта келіссөз жүргізген болатын.
Фото: Ақрода