"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 15 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей уақыттарда дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақыттарда 28 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыжа күннің соңында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Қонаевта күннің соңында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 18-23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 15 сәуірде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күннің соңында жаңбыр, найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Ақтауда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 25 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ақтөбеде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз найзағай күтіледі.
Павлодар облысының облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облысының оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз 15-20 м/с.
Астанада күннің соңында жаңбыр қарға ұласады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында түнде жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қызылордада түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.