Азияны дүр сілкіндірген қазақ қызының жеңісі – Моңғолия БАҚ беттерінде
Қазақстанның балуан қызы Мәдина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатында көрерменді ерекше таңқалдырды. Бұл туралы Моңғолияның ірі ақпарат агенттігі MNB.mn: «Қазақ қызы өте сирек жетістікке жетті» деп жариялады.
68 келіде белдескен Мәдина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы қырғыз балуан қызы Мейірім Жұманазарованы жеңді. Финалда Мәдина 2:1 есебімен жеңіліп тұрып, белдесу соңына қарай ұтымды әдіс жасап, есепті алға жылжытты. Нәтижесінде, белдесу соңында 3:2 есебімен жеңімпаз атанды.
Қазақ қызы 2013 жылы Ұланбатырда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын, келесі жылы 59 келіде қола, 2019 жылы 23 жасқа дейінгілер арасында 59 келіде күміс жүлдегер атанды.
Осылайша, Мәдина Бақбергеновадай қазақтың қаршадай қызы Азияны дүр сілкіндіріп, күрес өнері мықты дамыған моңғол жұртын таңқалдырып қайтты.