Осыншалықты әділетсіздік жасайды деп ойламадық - қырғыз көкпаршысы

Арман Қайыпхан

  • 12.09.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпардан өткен Қазақстан мен Қырғызстан кездесуі даумен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан финалда кездесті. Астанадағы «Қазанат» атшабарындағы кездесуде Қазақстан қосымша уақытта 5:4 есебімен жеңіске жетті. Ал қырғыз спортшылары мен жанкүйерлері әділетсіздік болды деп бұл жеңіспен келіспейді.

Қырғызстан көкпар құрамасының басшысы Ерлан Әбдіғаппаров пікір білдірді.

Әділетсіз болатынын білгенбіз. Бірақ мұншалықты деңгейде қазақтың тақымына бастырып, ысқырып, қазақтың көкпаршыларына 4 салым салдырып, осындай әділетсіздік болады деп ойлаған емеспіз, - дейді Қырғызстан спортшысы.

Ол Қазақстанның күн құрылымдары тарапынан қысым көргенін айтады.

Біз 3:1 есебімен ұтып жатқанда жеке аттар шыққанда біздің бала артқа қараған кезде құлаққа бастырып, ысқырық беріп, төрт жолы салым салдырды, – дейді ол.

Ал Қырғызстан құрамасының марапаттау рәсімі бітпей жатып, мойындарындағы алқаны шешіп, кетіп қалды. Болған жайтқа қатысты көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев пікір білдірді.

Енді бұл спорттық этикаға келмейді. Бұны эмоцияға жабуға болмайды, өйткені спортта бірде – ұтасың, бірде – ұтыласың, - дейді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев. 

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты, танымал журналист, Мақсат Толықбай тартысты көкпар туралы пікір білдірді. 

Өсекті қою керек.  Қырғыз ағайындар “ойыншымызды қамшымен тартып жіберді” деп дау шығарып жатыр екен. Бас жарылып, көз шыққан жоқ қой. Қазақ ойыншысы айып алаңына қуылып, жазасын алды емес пе? Көкпар жүректі, білектілердің ойыны. Шаңның ішінде аттың жығылып, көкпаршылардың  тапталып қалғанын талай көрдік. Отқа май құйып, түймедейді түйедей етудің қажеті жоқ. Көкпаршы тұрмақ, жанкүйермен бірге қамшының астында қалған кезді ұмытқан жоқпыз. Арыға бармай-ақ қояйық… Расында мынадай сойқан көкпарды бұрын-соңды көрмеппін. Біздің жігіттер таза жеңді. Құтты болсын! Қазақстан!”,- деді журналист  

Фото: видеодан кадр

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады