Қатар футбол додасын неге қараша-желтоқсанда өткізеді?

28 күнге созылатын доп додасы «мундиаль» тарихындағы қысқа мерзім

  • 17.11.2022

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатарда өтеді. Әлемдегі басты футбол турнирінің басталуына небәрі 2 күн қалды. Барлық матчтарға билеттер 100 % сатылып кеткен.

2018 жылы көршілес Ресей Әлем чемпионатын бас-аяғы 14.2 млрд доллармен өткізді , ал биыл Қатар басшылығы 20 есе яғни 229 млрд. доллар қаражат жұмсаған.

Ал ресми допқа Al Rigga деген атау берілді. Ол араб тілінен аударғанда «саяхат» деген мағынаны білдіреді. Әлем чемпионатын жазғы демалыста көруге етіміз әбден үйренген еді. Бірақ, бұл жолы бәрі түбегейлі өзгерді.  Ақшаны аямайтын Қатар басшылығы биыл несімен ерекшеленеді?

Жалпы, Катарда жаз мезгілі тым қатты ыстық болады. Тіпті Арабия түбегінің шығысында орналасқан елде ауа температурасы +50 градусқа дейін жетеді. Мұндай аптап ыстық футболшылардың денсаулығына қауіп төндіретіндіктен ФИФА басшылары 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығын таңдап алды. Бір қызығы, әлем чемпионатының өту мерзімі де аз. 28 күнге созылатын доп додасы «мундиаль» тарихындағы қысқа мерзімде өтетін алғашқы чемпионат болмақ.

Төрткүл дүние көз тіккен әлем біріншілгінің ашылу салтанаты мен финалы "Лусаил" стадионында өтеді. 450 мың адам емін еркін сыйып кетеді. Ал,Әлем чемпионатынан кейін стадион қоғамдық орынға айналады. Орындықтар алынып, орнына дүкен, мектеп пен аурухана ашылады.

Қатар басшылығы әлем чемпионатына арнап құмнан қала тұрғызды. Ол Парсы шығанағының жағалауында орналасқан. Аумағы 35 шаршы шақырым. 20 000 құрылысшы 6 жыл бойы коммерциялық аудан, шағын мүйіс, төрт арал, кеме тоқтайтын екі орын, замануи сауда орталығы, хайуанаттар бағы, аурухана, гольф ойнауға арналға екі алаң, 250 000 тұрғынға арналған көп қабатты үйлер тұрғызды. «Ақылды қала» деген атауы да болмақ. Барлық энергообъектілер, транспорттар бір жерден басқарылады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау да орнатылмақ. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшыларды, журналистерді, көрермендерді, туристерді қабылдауға сақадай сай.

Ислам дініндегі шариғат заңын берік ұстанатын Қатар елі кез келген жерде алкогольді ішімдіктер сатуға тыйым салған. Тек халықаралық қонақүйлердегі арнайы орындарда ғана рұқсат береді. Елге алкогольді сусындар да алып кіргізбейді. Ал жанкүйерлерге оны арнайы орындарда ішуге рұқсат етілді. Стадион маңында айығуға арналған  нысандар ашылды. Бірақ қоғамдық жерлерге мас күйде шығуға тыйым салынады.

Ала доп тепкен жұлдызды жігіттердің біразы Қатарға бармайды. Олардың қатарында франция құрамасынан Н’Голо́ Канте, Поль Погба, аргентинна командасынан Пауло Дибала, Анхель Ди Мария бар.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды