Қазақстанда УЕФА Конгресі өтуі мүмкін

Әділет Барменқұлов УЕФА шақыртуымен Еуропа чемпионатының финалына қатысты

Сабина Асқарқызы

  • 17.07.2024

2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалы қарсаңында ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚФФ мәліметінше, Берлинде (Германия) өткен кездесуде ҚФФ президенті УЕФА мен ҚФФ бірлескен жобаларының жұмысы жайлы айтып, сондай-ақ Қазақстандағы футболды дамыту бойынша жоспар мен Қазақстанда УЕФА Конгресін өткізу мүмкіндігін қарастыру мәселесін талқылады. 

Чеферин бұл бастамаларға қолдауын білдіріп, ортақ мақсатқа жету үшін серіктестіктің маңызы жоғары екенін атап өтті. Бұған қоса, бірлескен жобалар аясында атқарылып жатқан жұмыс және UEFA Assist пен UEFA Academy бағдарламаларына, балалар мен жасөспірімдер футболы мен инфрақұрылымды дамыту бойынша бағдарламаларға жоғары баға берді.

Қазақстан футбол федерациясы әлемдік футбол қауымдастығында өз позициясын белсенді түрде нығайтуды жалғастырып келеді. ҚФФ мен УЕФА футболды дамытуға бағытталған сындарлы және ашық қарым-қатынасты қолдайды.

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

03.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады