Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Сабина Асқарқызы

  • 20.04.2025

Талдықорғанның «Жетісу» клубы премьер-лиганың 5-туры аясында сырт алаңда «Ордабасыдан» жеңілді. Матчтан кейін қонақ команданың бас бапкері Самат Смақов төрешілікті, жалпы қазақ футболын өткір сынға алды, деп хабарлайды  Malim.kz.

13 адамға қарсы ойнау өте қиын. Мен ешқашан төрешілер мәселесін қозғаған емеспін, бірақ бүгін таза шектен шығу болды. Бізді бағалаған төреші төрешілер департаментінің жетекшілерінің бірі және өзін осы матчқа өзін-өзі тағайындап алған. Былай дейінші: «Жағасына жармасатын адамды тапқан екенсіздер». Мен бәрін айтамын, үнсіз қала алмаймын. Біздің футбол қайда бара жатыр?.. Өздеріңіз көріп отырғандай, жыл сайын нашарлап барады. «Ордабасы» – ең бай командалардың бірі, ол бүгін ең кедей команданы жеңді. Түсіндіңіздер ғой, - деді Самат Смақов.

Ол қазақ футболы қай бағытқа кетіп бара жатқанын білмейм деп отыр.

Жыл сайын жағдай нашарлап, төмен қарай сырғып барамыз.  Осындай бассыздықтар жалғаса берсе, біз ешқашан әлем немесе Еуропа чемпионатына қатыса алмаймыз. Менің «Ордабасы» клубына, ойыншыларына тағар айыбым жоқ. Тек осындай төрешіні тағайындаған жоғарыдағы футбол басшыларына ғана айтарым бар. Қараңдаршы көрші өзбектерді, олар бізден 15 жылға алға шығып кетті, ал тәжіктің жасөспірімдері әлем чемпионатына барады. Ал біз болсақ, баяғы батпағымызда малшынып, батып жатқанымыз сол, - деді «Жетісу» бапкері.

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

28.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады