Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қызды ауыл сыртына алып кеткен 40 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы “Криминальный Казахстан” Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға 1 шілдеде Айыртау ауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі сағат 18:00 шамасында 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан. Сол кезде 40 жастағы ер адам оны мотоциклмен қыдыртып келемін деп алдап, ауыл сыртында алып кеткен. Кейін ол қызды тқтқында ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Оқыңыз
Оқушыны іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан. Тек таңғы сағат 05:00 шамасында қыз ауыл сыртынан табылды.
Қазір күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жасалған қылмыстың ауырлығын ескерсек, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.