freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сүйінші, көп тілеуі көл болды": Төреғали Төреәлінің әйелі қуанышты хабарды жеткізді

Қоғам
"Сүйінші, көп тілеуі көл болды": Төреғали Төреәлінің әйелі қуанышты хабарды жеткізді
Төреғали Төреәлі мен Толқын Тұрарбекқызы. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделді)

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қызы Кәусар бес жасына дейін Қытайда ем қабылдап, бірнеше күрделі отадан өткен. Кейін де түрлі ем-дом шараларын жалғастырған.

Соңғы екі ай бойы Толқын Тұрарбекқызы қызымен арнайы жаттығулар жасаған. Ол Кәусардың жаттығу кезінде қиналған сәттері болғанын айтып, олардың барысын видеоға түсіріп отырған.

Енді Кәусар өздігінен еңбектей бастаған. Бұл жаңалықты өнер иесінің жары оқырмандарымен бөлісіп, сүйінші сұрады.

"Көп тілеуі көп болады демекші, сүйінші! Төрештің Кәусар қызы, тұңғышы Кәусар еңбектеді!" – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Еске сала кетейік, Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялаған еді.

Төреғали Төреәлі кім: әншінің өмірі мен шығармашылық жолы

Төреғали Төреәлі – қазақстандық эстрада әншісі, актер, көпшілікке "Ұлы дала баласы" деген атпен танылған өнер иесі. Оның толық аты-жөні – Төреғали Төреәліұлы Әлиханов.

Әнші 1992 жылғы 14 қазанда Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын болған ол сахнаға ерте араласа бастады. 2009 жылы Юрий Гагарин атындағы №8 мектепті тәмамдап, кейін Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының колледжінде актер мамандығы бойынша білім алды.

Төреғали Төреәлі шығармашылық жолын айтыстан бастады. Ол республикалық айтыстарға қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып, алғашында жас ақын ретінде танылды. Кейін эстрадаға бет бұрып, әншілік мансабын жалғастырды.

Өнер иесінің кең аудиторияға танылуына "Іздеме" әні ерекше ықпал етті. Туындының сөзін Қайнар Алагөзов жазса, әнін Шымберген Сүлейменов шығарған. Кейін Төреғали Төреәлінің репертуарындағы бірқатар әннің мәтінін де Қайнар Алагөзов жазды.

Әншінің продюсері – әкесі Төреәлі Төлепов. Ал анасы Аягөз Төлепова орыс тілі пәнінің мұғалімі болған. Төреғалидің Фариза және Дина есімді екі қарындасы бар. Өнер иесі отбасылы, бірнеше баланың әкесі.

Төреғали Төреәлінің Ерке Есмаханмен бірге орындаған "Алло" әні де тыңдарман арасында кеңінен тарап, қос өнерпаздың танымалдығын арттырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу