freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Тойдан асып түсті»: Алматы облысындағы балабақша түлектерінің кеші қызу талқыға түсті

Қоғам
«Тойдан асып түсті»: Алматы облысындағы балабақша түлектерінің кеші қызу талқыға түсті
Видеодан кадр/Ulysmedia

Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы балабақшалардың бірінде өткен түлектер кеші әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Кортеж, қызыл кілем және бірыңғай дресс-кодпен ерекшеленген шара көпшіліктің назарын аударып, Қазнетте кеңінен таралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мектеп түлектерінің салтанатты кештері төңірегіндегі пікірталас әлі толастамаған кезде, Ұзынағаштағы балабақша ата-аналары мен ұйымдастырушылары бүлдіршіндерге ерекше мереке сыйлауды жөн көрген. Сән-салтанаты жағынан кейбір тойлардан кем түспеген кеш сәнді мейрамхана кешенінде ұйымдастырылды.

Кештің басты ерекшелігі – қатысушыларға қойылған бірыңғай дресс-код болды. Қыз балалар нәзік көк және көгілдір түсті, жылтыр тастар мен пайеткалармен безендірілген көйлектер киіп, бастарына тәж таққан. Ал ұл балалар ашық көк түсті пиджак, ақ шалбар және көбелек галстукпен нағыз джентльмен бейнесінде көрінді.

Тек балалар ғана емес, ата-аналар да белгіленген стильді ұстанған. Аналар, әкелер және шақырылған туыстар ақ түсті сәнді киімдермен келген.

Мерекелік шара қызыл кілем үстімен салтанатты шеруден басталды. Ақ гүлдермен көмкерілген аркалар мен түрлі-түсті жалаушалармен безендірілген кіреберіс алдында бүлдіршіндер жұптасып жүріп өтіп, ата-аналардың қошеметі мен камера жарқылына бөленді.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнеролик қысқа уақыт ішінде 673 мыңнан астам қаралым жинап, 34 мыңнан аса лайкқа ие болған. Көптеген желі қолданушылары шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, оң бағасын берген.

Дегенмен, мұндай ауқымды мерекені қолдамағандар да болды. Кейбір пікір қалдырушылар балабақша түлектеріне арналған осындай қымбат шараларды орынсыз шығын деп бағалап, оның балалардың ақшаға деген көзқарасына кері әсер етуі мүмкін екенін айтқан.

«Барлық балабақшалар үшін қолжетпейтін деңгей орнаттыңыздар», «Енді туған күн мен перзентханадан шығуды да осылай өткізу керек шығар», «Балаларды кішкентайынан-ақ ақшаны оңды-солды жұмсауға үйретіп жатыр» деген пікірлер де жазылған.

Айта кетейік, бұл мереке қоғамда балаларға арналған салтанатты іс-шаралардың ауқымы мен шығыны жөніндегі пікірталасты қайта жандандырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу