freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан 2027 жылғы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды

Мәдениет
Түркістан 2027 жылғы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Түркістан қаласы 2027 жылғы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне үміткер ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл бастама Қазан қаласында өтіп жатқан ИСЕСКО Бас конференциясының 15-сессиясы барысында көтерілді.

2026 жылғы 13-14 мамыр күндері өткен жиында қатысушылар ұйымның 2020–2025 жылдар аралығындағы қызметін қорытындылап, 2026-2029 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын талқылады.

Конференция аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли еліміздің ислам әлемінің мәдени мұрасын дамыту бағытында атқарған жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, соңғы жылдары ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне Қазақстаннан бірқатар құнды мәдени нысандар мен дәстүрлер енгізілген. Атап айтқанда, «Тоғызқұмалақ» ойыны, «Ою-өрнек» сәндік-қолданбалы өнері және «Қармақшы жыраулары» ауызша поэзия мектебі қамтылған.

Сондай-ақ қазақстандық тарап 2026 жылы Алматы қаласында Әл-Фараби мұрасына арналған II халықаралық конференция өтетінін хабарлады. Аталған шара ИСЕСКО ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, ИСЕСКО Бас конференциясы төрт жылда бір рет өткізіледі. Биылғы жиынға ұйымға мүше 53 елдің делегациялары қатысуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу