freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Тұрсынбекті танығалы бері..." – Әнші Қыдырәлі Болманов ел естімеген естелігін жайып салды (ВИДЕО)

Қоғам
"Тұрсынбекті танығалы бері..." – Әнші Қыдырәлі Болманов ел естімеген естелігін жайып салды (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Кеше әнші Мөлдір Мұқанова туған күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Мерекелік кеште Қыдырәлі Болманов өнер көрсетіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кештен кейін әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, әсерін бөлісті.

"Астанаға көшіп келгелі, Тұрсынбекті танығалы бері Мөлдірді білемін. Қашан көрсем де, ағалап, ыстық ықыласын білдіріп, құрметін көрсетіп, туған қарындасымдай ақ ниетін алдымызға жайып жүретін, ниеттес, тілектес жандардың бірі. Мөлдірдің аға-апалары да сондай сыйлап, құрметін білдіріп тұрады. Алла разы болсын! Мөлдіржан, маған деген сый-құрметің қандай болса, мейірімді Алла саған да солай мейіріммен қарасын! Тілегіңді қабыл етсін, Мөлдір! Алла жайнап өсіп келе жатқан құлыншақтарыңның бақытын көруді нәсіп етсін!", – деді әнші.

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов – танымал әнші, продюсер және қоғам қайраткері. Ол 1964 жылы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген және 1991 жылы Алматы театр-көркемөнер институтын тәмамдаған.

Өнер жолындағы алғашқы ірі қадамын 1995 жылы "Айналайын" атты жеке альбомын шығару арқылы бастады. 1996 жылдан бастап "АБК" тобының негізін қалап, қазақ эстрадасының дамуына үлкен серпін берді. Кейін ол "Ұлытау" тобын құрып, ұлттық музыканы әлемдік деңгейге шығара алды, бұл ұжым халықаралық байқауларда жоғары жетістіктерге жетті.

Қыдырәлі Болманов тек сахнамен шектелмей, мәдени-ағартушылық жобаларға да белсенді атсалысты, соның ішінде балаларға арналған "Балбала" жобасын жүзеге асырды. Сонымен қатар, ол өнер мектебі-студиясын ашып, жас таланттарды тәрбиелеуге үлес қосты. Мемлекеттік қызметте де тәжірибесі мол: 2005-2007 жылдары Алматы қаласының мәдениет департаментін басқарса, кейін Астана қаласында және Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінде жауапты қызметтер атқарды.

Өнер иесі "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, "Құрмет" орденімен марапатталған. Ол – белгілі әнші Қарақат Әбілдинаның жұбайы, көпбалалы отбасының әкесі. Қыдырәлі Болманов қазақ музыкасы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлға ретінде танылып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу