Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Тұрсынбектің қызын жақтырмай тұр": Қайрат Нұртастың анасы сынға қалды (ВИДЕО)

Қоғам
"Тұрсынбектің қызын жақтырмай тұр": Қайрат Нұртастың анасы сынға қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың бір видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Instagram-дағы танымал парақшалардың бірі бөліскен жазбада әнші Қайрат Нұртастың анасы өз үйінде түсірген видеоны жариялаған. Бірақ видеода әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айымға көрсетілген көзқарас көпшіліктің көңілін күпті етті.

Бейнежазбада жас қыздың есік алдында босағада тұрып қалғаны көрінеді. Алайда үй иелерінің бірі де қонаққа "төрлет" деп, ілтипат білдірмеген. Желі қолданушылары мұны қазақы тәрбиеге жат қылық деп бағалап, өткір сын айтты.

"Босағада тұрған қызға төрге өт дейтін бір адам табылмағаны қалай?", "Қонақты табалдырықта қалдыру – өзіңнің қандай екеніңді көрсетеді", "Суық амандасып, қолынан телефонын тастамаған келіндерге қарап ішім ашыды", "Төрлет деп айтпағаны – қазақы салттан алшақ кеткеніміздің белгісі", – деді желі қолданушылары.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу