Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үкімет кейбір салалар бойынша жылдық көрсеткіштерді пысықтады

Экономика
Үкімет кейбір салалар бойынша жылдық көрсеткіштерді пысықтады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Фото: © Үкіметтің ресми арнасы


Үкімет отырысында энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері өндіріс көлемінің өсуі және цифрландыру бағытындағы жетістіктер туралы баяндады.

АӨК цифрландыру
Фото иесі: ©Үкіметтің ресми арнасы
Мұнай-газ химиясы
Фото иесі: ©Үкіметтің ресми арнасы
Мұнай-газ химиясы
Фото иесі: ©Үкіметтің ресми арнасы
Мұнай-газ химиясы
Фото иесі: ©Үкіметтің ресми арнасы

Мұнай-газ химиясы:

  • 2025 жылы мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі **589,7 мың тоннаға жетеді.
  • 2024 жылдың нәтижесі – 540 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
  • Өндірістің негізгі үлесі KPI, Нефтехим Ltd., Шымкент химия компаниясы, АМӨЗ кәсіпорындарына тиесілі.
  • Қуат арттыру үшін бірқатар ірі жобалар іске асуда: полиэтилен зауытының құрылысы жүріп жатыр, алкилат, бутадиен және карбамид өндіру зауыттары жобалануда.
  • Саланың тұрақты дамуы үшін «Мұнай-химия өнеркәсібі туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр.

АӨК және азық-түлік экспорты:

  • 2024 жылдың 10 айында азық-түлік өндірісі 3,1 трлн теңгеге жетіп, 9,1% өсті.
  • Салаға салынған инвестициялар 60% артып, 225 млрд теңгені құрады.
  • Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2,5 млрд долларға жетті (+30%).

АӨК цифрландыру:

  • Агроөнеркәсіптік кешенде 648 кәсіпорын цифрлық құралдарды қолданады.
  • Оның ішінде қайта өңдеу саласында 105 ірі жүйе құраушы кәсіпорын цифрлық жүйелерді енгізген.
  • Цифрландыру сатып алу, өңдеу, логистика және сатуды толық қамтып, өнім қозғалысын бақылауды күшейтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу