freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық экономика министрлігі ең төменгі жалақы көлемін 150 мың теңгеге дейін көтеруі мүмкін

Экономика
Ұлттық экономика министрлігі ең төменгі жалақы көлемін 150 мың теңгеге дейін көтеруі мүмкін
Ашық дереккөзден

Алайда ең төменгі жалақының нақты қашан өсетіні әзірге белгісіз, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін 150 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

Халық табысын арттыруға бағытталған кешенді бағдарлама аясында ЕТЖ көлемін қайта қарау көзделіп отыр. 

«Ең алдымен, ең төменгі жалақы мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір ол 85 мың теңге, біз оны арттырамыз. Әлемдік тәжірибеде ол медианалық жалақының 50 пайызына тең. Қазақстанда медианалық жалақы шамамен 302 мың теңге. Демек, біздің мақсат – жақын уақытта ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге жеткізу. Бұл қалай жүзеге асады? Бұл қазір есептеліп жатқан бюджетке байланысты болады», – деді Әмрин Үкімет кулуарында.

Алайда вице-министр нақты қашан өсетіні туралы сұраққа жауап бермеді. Оның айтуынша, бұл кешенді әрі күрделі мәселе.

Сондай-ақ халық табысын арттыру бағдарламасына бизнесті қолдау шаралары да енгізілген.

«Қазіргі таңда бизнестің негізгі мәселесі – ұзақ мерзімді әрі арзан қаржының жетіспеуі. Қазір базалық мөлшерлеме 18 пайыз деңгейінде. Біз не істеп жатырмыз? Банктерден алынатын несиелерді субсидиялап, кепілдік береміз. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлеме шамамен 12 пайызға дейін төмендейді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және жаңа жобаларды іске қосуға мүмкіндік береді», – деді бірінші вице-министр.

Бұған дейін Азамат Әмрин бұл кешенді бағдарламаға бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі де енгізілуі мүмкін екенін айтқан. Нақты шаралар мамыр айында таныстырылады.

Айта кетейік, 2025 жылдың маусым айында Қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджет ең төменгі жалақыны көтеруге мүмкіндік беретінін мәлімдеген. Сол кезде шамамен 90 мың теңге деңгейі айтылған болатын. Ал тамыз айында Серік Жұманғарин ЕТЖ-ны көтеру жоспарда жоқ екенін хабарлаған. Мәжіліс депутаттары ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынғанымен, қазан айында Үкімет бұл ұсынысты қолдамағаны белгілі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу