freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хоккейден әлем чемпионатының ширек финалдық жұптары белгілі болды

Спорт
Хоккейден әлем чемпионатының ширек финалдық жұптары белгілі болды
Fabrice COFFRINI / AFP via Getty Images

Швейцарияда өтіп жатқан 2026 жылғы хоккейден әлем чемпионатында топтық кезең мәресіне жетті. Енді жарысты плей-оффқа жолдама алған сегіз құрама жалғастырады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

B тобындағы соңғы ойында Канада құрамасы Чехиядан 3:2 есебімен басым түсті. Кездесу тартысты өтті. Канадалықтар сапынан Маклин Селебрини екі мәрте мергендік танытса, Джон Таварес шешуші шайбаны соқты. Селебрини 35 және 48-минуттарда гол салды, ал Таварес 50-минутта командасына жеңіс әкелген шайбаны енгізді.

Чехия құрамасында Марек Альшер 7-минутта, Доминик Кубалик 29-минутта көзге түсті. Осы жеңістен кейін Канада 20 ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға шықты. Чехия 13 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

A тобында турнир қожайыны Швейцария Финляндияны 4:2 есебімен жеңді. Швейцария құрамасы сапынан Аттилио Бьяска, Кен Ягер және Нико Хишир гол соқты. Кен Ягер бұл матчта дубль жасады. Финляндия құрамасының екі голын да Александр Барков енгізді.

Бұл нәтижеден кейін Швейцария топтық кезеңді мінсіз аяқтап, 21 ұпаймен бірінші орын алды. Финляндия 18 ұпай жинап, екінші сатыдан көрінді.

Осылайша, әр топтан төрт үздік құрама ширек финалға шықты. 1/4 финал жұптары төмендегідей:

  • 28 мамыр, 19:20 – Финляндия – Чехия;
  • 28 мамыр, 19:20 – Канада – АҚШ;
  • 28 мамыр, 23:20 – Швейцария – Швеция;
  • 28 мамыр, 23:20 – Норвегия – Латвия.

Ал Ұлыбритания мен Италия құрамалары элиталық дивизиондағы орнын сақтап қала алмады. Келесі жылы олардың орнына Қазақстан мен Украина құрамалары өнер көрсетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу