freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Зәкең марқұм билікте болғанда...": Мақпал Жүнісова ел естімеген шындықтың бетін ашты (ВИДЕО)

Қоғам
"Зәкең марқұм билікте болғанда...": Мақпал Жүнісова ел естімеген шындықтың бетін ашты (ВИДЕО)
"Алғашқы" бағдарламасы. Суретте: Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Қарағандыға жасаған сапары барысында көңілі қалған жайттарды бөлісті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовпен бірге бұрын Қарағандыға келген кезін еске алып, сол уақытта көрсетілген құрметті атап өтті. Алайда бұл жолғы сапарында мұндай ілтипаттың болмағанын жасырмады.

"Зәкең марқұм билікте болғанда, Қарағандының дөкейлері осылай траптан қарсалып еді. Осы жолы барғанда біреуінің төбесін көрмедік. Ең болмағанда мәдениет бөлімінің біреуі келмеді ғой", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдіріп, көпшілігі әншінің сөзін қолдап отыр.

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасының дара тұлғасы

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген көрнекті әншілердің бірі. Ол 1963 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Теректі ауылында дүниеге келген. Өнерге ерте қадам басқан әнші 1981 жылдан бері "Қазақконцерт" бірлестігінің солисі ретінде үздіксіз шығармашылықпен айналысып келеді.

Жастайынан дарынымен көзге түскен өнер иесі халықаралық байқауларда топ жарып, кәсіби деңгейін дәлелдей білді. Небәрі 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанып, 31 жасында Халық әртісі атағын иеленуі – оның өнердегі биік белесін айқындайды.

Әнші білім алуға да ерекше мән берген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдап, кейін ғылым мен білім саласында да белсенділік танытып, профессор дәрежесіне жеткен.

Мақпал Жүнісованың басты ерекшелігі – оның лирикалық сопрано дауысы. Репертуарында халық әндерімен қатар романс және джаз бағытындағы туындылар бар. Мұндай жанрлық алуандық оның шығармашылығын байытып, тыңдарман аясын кеңейте түсті.

Бүгінде ол қазақ эстрадасының "примадоннасы", тіпті "Орта Азияның бұлбұлы" ретінде танылып отыр. Әншінің концерттері әлі күнге дейін аншлагпен өтіп, көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие.

Айта кетейік, өнер иесі сахнадағы шеберлігімен ғана емес, әзілқой мінезімен де жұртшылыққа жақын. Мәселен, бір жиында ол Тұрсынбек Қабатовқа қалжың айтып, көпшілікті күлкіге бөлеген болатын. Сондай-ақ Мақпал Жүнісова Маңғыстауда өткен жеке концерті барысында ерекше жағдайға кезіккенін де жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу