freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жәнібектің командасы әлсіз": Қанат Ислам чемпион інісі туралы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Спорт
"Жәнібектің командасы әлсіз": Қанат Ислам чемпион інісі туралы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Қазақ боксшысы Қанат Ислам Жәнібек Әлімханұлының допингке қатысты дауына пікір білдіріп, жауапкершілікті спортшының командасындағы мамандардың жұмысына байланыстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олимпиада жүлдегерінің айтуынша, Жәнібектің жанында жоғары деңгейдегі кәсіби сарапшы жоқ. Оның сөзінше, спортшы ағзасына тыйым салынған заттардың кездейсоқ түсіп кетпеуін тұрақты түрде бақылап отыратын білікті маман қажет.

"Жәнібектің қасында мықты маман жетіспейді. Жанындағы адамдар барынша көмектесуге тырысады, күндіз-түні еңбек етуге дайын. Бірақ спортшы тұтынатын тағам мен дәрумендердің құрамын толыққанды саралап, тексеріп отырмайды. Мен Қытай құрамасында жүргенде бізге күн сайын қолданатын әрбір заттың құрамы түсіндірілетін. Тіпті буынға жағатын кремге дейін бақылаудан өтетін", – деді Қанат Ислам.

Ол мұндай жүйе Қазақстан құрамасында да енгізілуі тиіс екенін атап өтті.

"Құрама ішінде арнайы маман болуы керек. Кейбір спортшылар допинг дегенді тек инъекция деп ойлайды. Ал негізінде тыйым салынған зат қарапайым тұмауға қарсы дәрінің құрамында да кездесуі мүмкін", – деді ол.

Сонымен қатар Қанат Ислам Жәнібек Әлімханұлын біреулер әдейі қақпанға түсірді деген пікірмен келіспейтінін айтты. Оның пайымынша, мәселе – команданың ішінде кәсіби деңгейдегі маманның болмауында.

"Қазір түрлі әңгіме айтылып жатыр. Бірақ менің ойымша, түпкі себеп – маман тапшылығы. Анализ нәтижелерін дұрыс оқи алатын, гормондық көрсеткіштерді сараптайтын, не қосу керек, нені алып тастау қажет екенін айта алатын сарапшы керек. Ал промоутерлер үшін көбіне бизнес пен табыс алдыңғы орында тұрады", – деді боксшы.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасына байланысты дауға іліккен еді. Оның қанынан тыйым салынған препарат табылғаны туралы ақпарат тарады. Соның салдарынан кубалық Эрисланди Ларамен WBA белбеуі үшін жоспарланған жекпе-жек өтпей қалған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу