freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Журналистерге арналған Рахат Мамырбек атындағы байқау жарияланды

Қоғам
Журналистерге арналған Рахат Мамырбек атындағы байқау жарияланды
Фото: facebook.com/nurtaylahan

Талантты журналист, саясаттанушы Рахат Мамырбек атындағы дәстүрлі саяси журналистика байқауы биыл да бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Байқауға саяси-қоғамдық тақырыптағы журналистік материалдар қабылданады. Жанрға шектеу қойылмайды.

Саяси журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға арналған байқауға республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ жеке авторлар қатыса алады.

Байқау екі аталым бойынша өтеді:

– «Ең үздік видео»;

– «Ең үздік мақала».

Өтінімдер 2026 жылғы 22 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданады. Байқау қорытындысы маусым айының соңында, Журналистер күні қарсаңында Алматы қаласында жарияланады. Іс-шараның нақты уақыты мен өтетін орны қосымша хабарланады.

Қатысу шарттарына сәйкес, конкурстық жұмыстар 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 14 маусым аралығында телеарна эфирінде көрсетілуі немесе газетте, журналда, интернет-ресурста жариялануы тиіс.

Үміткерлер екі аталым бойынша да қатыса алады. Алайда бір автор әр аталымға бір ғана материал ұсынуға құқылы.

Ұсынылатын видеоматериалдың ұзақтығы 1 сағаттан аспауы керек. Видеоконтент YouTube немесе өзге интернет-ресурстардағы сілтеме арқылы қабылданады.

Ал мақала көлемі А4 форматында, 14 шрифтпен терілген 6 беттен аспауы тиіс. Баспа материалдары PDF және Word форматтарында, интернетте жарияланған материалдар сілтеме түрінде қабылданады.

Сондай-ақ авторлар өздері туралы қысқаша мәлімет пен байланыс нөмірлерін көрсетуі қажет.

Байқау материалдарын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Материалдар baiqau2024@yandex.kz электронды поштасына қабылданады. Байланыс телефоны: +7 777 216 27

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу