Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

Ермекбаев қанша сарбаздың ковидпен ауырғанын білмейді

Қанат Тілеухан Авторы: Қанат Тілеухан
22.12.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ әскер қатарында қанша сарбаздың коронавирусқа шалдыққанын білмейді екен. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды.

Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, көктем айынан бері әскер қатарында коронавирустан он адам дүниеден озыпты. Бұл жайлы ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы атты баспасөз мәслихатында айтты.

«Коронавирустан он адам қайтыс болды. Өкінішке қарай, біз оларды аман алып қала алмадық. Бесеуі пневмониядан, бесеуі коронавирустан дүние салды. Жалпы, қорғаныс саласында екі мың жүз адам ауырды. Ал бір жылдық әскерде борышын өтейтін жүздеген сарбаздар ауырып шықты», – деді министр.

vesti.kg тілшісі Айнұр КОСКИНА «сонда нақты саны қанша, 200-бе, әлде, 500 бе?» деген сұрағына генерал нақты жауап таба алмай қиналды.

«Бүгінгі баспасөз мәслихатының тақырыбы мүлдем бөлек. Сіздің сауалыңызға нақты дәл қазір жауап бере алмаймын. Кейін жауап қатайын», – деп қысқа қайырды министр Ермекбаев.

Сондай-ақ, министр қазір әскерде борыш өтеу қауіпсіз екенін, «дедовщина» жоқ екенін айтты. Сардарлар әскери жарғыны қатаң қадағалайды деді.

Фото:  kaznews.kz

Tags: Айнур Коскинақанша сарбаз коронавирусқа шалдықтыНұрлан Ермекбаев генерал болды

Ұқсас жазбалар

Фото: diapazon.kz

Жолдарды мақтайтын блогерлерге миллиондар бөлінбек

Авторы: Елнұр Бақытқызы
27.02.2021
0

Блог-турға баратын блогерлер мен тілшілерге қаламақы, қонақ үй мен ас-суы төленеді.

Malim Cinema: Параллель соғыстар («Мандариндер» фильміне көзқарас)  

Авторы: malim
27.02.2021
0

Фильмнің қысқаша мазмұны: Мандариндер» фильмі Грузия мен Эстония кинематографистерінің 2013 жылы бірлесе отырып түсірген жұмысы. Режиссері Заза Урушадзе.  Фильм сюжеті...

Солдан оңға қарай: Қазбек Бейсебаев, Айдос Сарым және Айдар Әлібаев

“Әділ сайлау өтсе, бірде-бір әкім орнында қалмайды”

Авторы: malim
26.02.2021
0

Бүгін ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Тоқаев 2024 жылдан бастап аудан әкімдері тікелей сайланатынын мәлімдеді.  Сарапшылардың бірі бұл  бастама...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан адам бостандығы рейтингінде 75 орында

01.02.2021

Украинада Лениннің соңғы ескерткішін құлатты

28.01.2021
Бақытбек Қадыр

Куәгерлер

20.04.2020

Полиция бастығы адам қағып, қашып кетті

29.05.2020
вакцина салу керек пе?

Коронавирус: вакцина салу керек пе?

16.02.2021
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!