Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға грант жариялауды ұсынды

Malim Админ

  • 05.01.2021

Президент  көлемді мақаласы жазыпты. Мақаласын барлық баспасөз бір үйдің баласындай көшіріп басып жатыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қатысты өткен-кеткен, келер күнді ой елегінен өткізгендей. Жерді, шекараны, мемлекеттік тілді, сосын жастардың жағдайын айтады. Жастарға қатысты ойында жаңалық бардай. Мәселен, президент азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсыныпты. Басқа басқа грантпен қолдауды меңгердік.

Жас кезінде Мәскеуде оқығанын қиыстыра келіп, президент бүгінде шетелде білім алып жүрген жастардың дені сол жақта қалып қоятынына алаңдаудың қажеті жоқ депті.  Жырақта жүрген жастарымыздан айырылып қаламайды екенбіз, олай уайымдауымызға жөн жоқ екен.

«Біздің міндетіміз – олардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру. Мысалы, әлемнің ең дамыған елдерінде өз кәсіптерін бастаған және алпауыт компанияларда жұмыс істеп жүрген азаматтарымыздың осындағы замандастарымен байланысын нығайтып, тәлімгерлік етуіне жағдай жасауымыз керек», ­­­­­­­- депті президент.

Ел ішінде жетіп артылып жатқан білікті әрі білімді өрендерді  мемлекет ісіне дайындап жатқанын айтқан Қ.Тоқаев өзінің бастамасымен құрылған «Президенттік кадр резервін» мысалға алыпты. Жобаның келесі кезеңінде қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеуге ерекше назар аударылады екен.  Сондай-ақ, билік органдарындағы азаматтар, ең алдымен, ұлттық мүддеге берік болуға тиіс екен!

 

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

23.03.2024

Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

15.03.2024

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

14.03.2024

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

14.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді

11.03.2024

Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

06.03.2024
MalimBlocks
Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

Президент Елтаңбаға қатысты сыни пікір көп екенін айтты.

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, Қазақстанға қайтарылған.

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді

Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

Ержан Сәденов кезектен тыс аттестаттациялауға дайындық барысы айтты.