Серік Жаманаев 19 жылға сотталды

Malim Админ

  • 18.01.2021

Алматыда "Серік-голова" бүркеме атымен танымал қылмыскер Серік Жаманаев 19 жылға сотталды.

Сот үкімінше, "Серік-голова" қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде14 жыл отырады. Қалған 5 жылын толық қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы "адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық", 106-баптың 3-бөлігі "абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп тануды сұраған.

Сотта Жаманаевтың 1996 жылы Ресейдің Сочи қаласында қылмыс әлемі серкелерінің қатысуымен «вор в законе» боп мойындалғаны айтылған.

Серік Жаманаев былтыр ақпанда ұсталған.

MalimBlocks