Тоқаев: Митинг рұқсат етілген жерде ғана өтуі тиіс

  • 29.02.2020
  • Malim Админ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат министрлігі жасап шыққан "Бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу туралы" заң жобасына пікір білдірді.

Ақпанның 28-і күні Twitter-де жариялаған жазбасында Тоқаев былай деген: "Бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылар жиынға қатысатын азаматтардың саны жөнінде билікті хабардар етуге міндетті. Бейбіт жиындар арнайы белгіленген жерлерде өтуі тиіс. Конституцияға қайшы келетін ұрандарға жол берілмейді".

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған заңды жан-жақты талқылап, оны өзгертуді сұраған белсенділер Тоқаевтың бұл жазбасынан кейін "бейбіт жиын өткізуге еркіндік берілмейді" деді.

"Заң жобасында "бейбіт жиын өтетіні "хабарлаған" соң,  жергілікті биліктің жауабын он жұмыс күн күтесің. Бұрынғыдай митингілерге арналған "резервациялар қалмақ", - дейді құқық қорғаушы, "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық ұйымының төрайымы Бақытжан ТӨРЕҒОЖИНА әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

7 ақпан күні "Ашық үкімет" порталында жарияланған заң жобасын талқылаған белсенділер митингілер туралы заң осы күйінде қабылдаса, бейбіт жиындар өткізу құқығы бұрынғыдан бетер нашарлайтынын айтқан. Атап айтқанда, құқық қорғаушы Евгений Жовтис бейбіт жиындар билік рұқсат еткен жерде ғана өткізуге рұқсат ететін баппен келіспейтінін мәлімдеген. Алматыда билік митинг өткізуді Сарыарқа кинотеатры артындағы алаңқай мен Махатма Ганди атындағы паркте ғана рұқсат етеді. Құқық қорғаушының ойынша, жұрт митингілер мен пикеттерді қалаған жерде өткізе алуы тиіс. Заң жобасында бейбіт жиынға 250 адамға дейін қатысатын болса, онда мұндай митингілер хабарлама сипатында болады, бірақ ұйымдастырушылар бүкіл құжаттарды бәрібір жергілікті әкімдікке он жұмыс күні бұрын жіберуі тиіс делінген. Бұл халық аяқ астынан митингіге бәрібір жинала алмайды деген сөз. Оның үстіне митингіге қатысушылар 250 адамнан асса, ұйымдастырушылар жергілікті биліктен бұрынғыдай рұқсат сұрауы керек. Тоқаев жазбасында айтылған "ұйымдастырушылар жиынға қатысатын азаматтар саны жөнінде билікті хабарлар етуі міндетті" дегенмен де белсенділер келіспейді. Өйткені заң жобасында  іс жүзінде бейбіт жиынға келген адамдар ұйымдастырушылар өтініште көрсеткен қатысушылар санынан асып кетсе, бұл бейбіт жиынды тотатуға негіз бола алатыны айтылған. Құқық қорғаушыар мен белсенділер митингіге келушілерді кімдер және қалай санайтынын биліктің өзі білмейді деген.

Фото: Аян Қалмұрат, Azattyq.org

Оқи отырыңыз: Абаев митингіге шыққандарды кім санайтынын білмейді

Байланысты жаналықтар

Пропагандистер көшеге шыққандар мен қар атқандарды «бандит» дей бастайды

24.01.2021

Тоғжанов тағайындаған кадрлар Тұрымовтан сөгіс естіді

16.06.2020

ICIJ зерттеуінде Сатыбалды, Құлыбаев, Әблязов есімдері қатар аталды

21.09.2020

Журналист полицияның жарақаттағанын мәлімдеді

26.10.2020

Тойшыл Назарбаев коронавирусқа қарсы 150 миллион бөлді

21.03.2020

Макс Боқаев ақпанда бостандыққа шығады

28.09.2020