Цой отставка туралы сұраққа жауап берді

Malim Админ

  • 07.04.2021

Баяу вакцинация үшін президент Тоқаевтан сын естіген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуір аяғына дейін аймақтарға 2 миллионнан астам вакцина жеткізілетінін мәлімдеді. Бұған дейін 6 сәуір күнгі үкімет отырысында Алексей Цой сәуірде 2 миллион адамға вакцина салынатынын айтқан.

Бүгін онлайн брифингіге шыққан министрден тілшілер вакцинация бойынша қандай жоспар орындалмаса қызметтен кететінін сұрады.

" Қаңтар айында "сәуірде 850 мың адамға вакцина салынады" деп хабарладыңыз. Ал кеше 2 миллион адамға салынады дедіңіз. Сонда сіз және Мәмин үкіметі сәуірде 2 миллион адамға вакцина салынбаса отставкаға кете ме, әлде ол меже 850 мың адам ба?" деген Bloomberg ақпарат агенттігінің тілшісі Нәубет Бейсеновтің сұрағына Алексей Цой былай деп жауап берді:

–  Әрине, бұл жерде жұмыс қаншалықты орындалғаны жөніндегі бағаны мемлекет басшысы береді. Біздің мақсат Қазақстанға барынша көп вакцина жеткізіп, қауіпсіз вакцина шығарып, вакцина салатын орындардың жұмысын жолға қою. Ол бойынша жұмыс жүріп жатыр. Біз айтқан вакцина көлемі азаматтарға екпе алуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Бастысы, вакцинацияны қысқа мерзімде іске асыру. Бұл вакцина нарықта қаншалықты қолжетімді екеніне байланысты", - деді А.Цой.

А.Цой сәуір айында аймақтарға 2 миллион вакцина кезең-кезеңмен жеткізілетінін мәлімдеді.

Алексей Цой Ресейден "Спутник V" вакцинасының 2 миллион субстанциясын алдыру жөнінде келісімшартқа қол жеткізгенін, қосымша 4 миллион вакцина жайлы Ресеймен келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Ресейден келетін 2 миллион субстанция Қарағанды фармацевтикалық кешеніне жеткізіліп, вакцина өндірілетінін түсіндірді.

Байланысты жаналықтар

Мамин Нұр-Сұлтанда жүріп-тұруға бір жылда 140 миллион теңге жұмсамақ

26.10.2020

Цой айтпаған цифрлар шошытады

17.07.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға грант жариялауды ұсынды

05.01.2021

Кәсіпкерлер Тоқаевқа дағдарыстан шығар жолды көрсетті

28.03.2020

Қожахметов Цойдың "тірі екенін" айтты

25.09.2020

Шенеуніктердің автокөліктері қысқартуға ұшырайды

26.01.2021
MalimBlocks
Мамин Нұр-Сұлтанда жүріп-тұруға бір жылда 140 миллион теңге жұмсамақ

Цой айтпаған цифрлар шошытады

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға грант жариялауды ұсынды

Кәсіпкерлер Тоқаевқа дағдарыстан шығар жолды көрсетті

Қожахметов Цойдың "тірі екенін" айтты

Шенеуніктердің автокөліктері қысқартуға ұшырайды