Данияр ұлттық құрамаға орала ма?

Қанат Тілеухан

  • 10.08.2021

Рио олимпиадасының чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы Данияр ЕЛЕУСІНОВ ұлттық құрамаға шақырту алса оралуға дайын. Бұл туралы боксшы Мalim.kz сайтының тілшісіне хабарлады.

«Ұлттық құрамаға кәсіпқой рингтегі жігіттерді шақырамыз деген әңгімені естідім. Бірақ әзірге ешкім хабарласқан жоқ. Әуесқой бокста барлық турнирлерді ұттым. Егер көмегім керек болса ұлттық құрамаға қайтып келуге болады. Нақты ұсыныс болса дайынмын. Әрине ондай жағдайда менеджерлермен ақылдасамыз ғой. Токиодағы олимпиадада барлық жігіттерге жанкүйер болдық. Лидеріміз Бекзаттың жеңілгені қиын болды. Сәкеннің жекпе-жегі ұнады. Өкінішке қарай екі қоламен қалдық. Қамшыбек финалға шығады, Абылайхан жүлдегер болады деп ойлап едім», - деді олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.

Сондай-ақ, Данияр ұлттық құрамаға оралған жағдайда 67 және 71келі салмақтың екеуінде де шыға аламын дейді. Отыз жастағы боксшы екі дүркін Азия ойындары мен Азия біріншілігін де ұтқан. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. Олимпиададағы жеңісінен кейін кәсіпқой боксқа ауысты. 2018 жылы британдық Matchroom Boхing промоутерлік компаниясымен үш жылға келсім шартқа отырған болатын. Осы уақытқа дейін он жекпе-жек өткізіп оның барлығында жеңіске жеткен. Жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental тұжырымдамасы бойынша чемпион.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрамаға мемлекеттік жаттықтырушы болып келген Бахтияр АРТАЕВ кәсіпқой рингте жүрген жігіттерді шақырамыз деген еді.

«Алда Сербияда бокстан өтетін әлем чемпионаты келе жатыр. Біз қазіргі таңда кәсіпқойға ауысқан жігіттермен келіссөз жасап жатырмыз. Бұйырса, алдағы әлем чемпионатында, одан кейін Париж олимпиадасында кәсіпқойдағы боксшыларымыз ұлттық құрама сапынан көрінуі мүмкін. Қазір олардың еңбекақы мәселесін шешіп жатырмыз. Сондай-ақ Сербиядағы додада ел есімдерін атап жүрген боксшыларға да мүмкіндік беріп, сынап көреміз», - деген еді Афина олимпиадасының чемпионы Артаев.

Токио олимпиадасынан кейін сын астында қалған Қазақстан бокс федерациясы мен бапкерлер құрамы қарашада өтетін әлем чемпионатында қола медальмен шектеліп қалмау үшін қатты қамданып жатыр. Федерация басшысы Кеңес РАҚЫШЕВ әлем чемпионатын жеңген боксшыларға арнайы сыйлық әзірлеп отыр екен. Белград қаласында өтетін турнирге АИБА да қомақты бәйге тігіп отыр. Алтынға 100 мың доллар, күміс медальға 70 мың доллар, ал қола жүлдеге 50 мың доллар бермекші.    

Фото: sportx.kz

Байланысты жаналықтар

Қола қолда

01.08.2021

Қайсанов әлем чемпионын жеңе ме?

05.08.2021

Бапкер Ақүрпеков Әбілханның неге жеңілгенін айтты

01.08.2021

Сәкен жеңіске жетті

31.07.2021
MalimBlocks
Қола қолда

Қайсанов әлем чемпионын жеңе ме?

Бапкер Ақүрпеков Әбілханның неге жеңілгенін айтты

Сәкен жеңіске жетті