Жастар мәселесін үгіт-насихатпен шешіпті - зерттеу

Malim Админ

  • 19.10.2021

Жастар саясатына бөлінген мемлекеттік тапсырыстың 50  пайызын пропаганда мен «Жасыл Ел» жобасына жұмсаған. PaperLab зерттеу тобының сарапшылары Жастар корпусын дамыту жобасының төрт кезеңдік процесін бағалауға зерттеу жасап, осы жобаны мемлекеттік құрылымдарда қалай атқаруға болатынын бағамдапты. Сарапшылардың осы жұмысы Білім және ғылым министрлігі өз сайтында жарияланған.

Зерттеуде  Жастар Ресурс орталығы бюджеті мен облыстық, республикалық мәртебесі бар қала бюджеттерінен жастар ісі басқармасы мен ішкі саясат басқармалары арқылы мемлекеттік тапсырыспен бөлінетін қаржы қарастырылған. 

Жастар саясатын негізінен қаржыландыратын өңірдегі жастар ресурс орталықтары мен жастар саясаты басқармасы негізге ала отырып жүргізілген.

«2016 -2020 жылдар аралығында өңірлік бюджеттерден мемлекеттік жастар саясатына 12,7 млрд теңге жұмсалды. Жастар саясатын қаржыландырудың басым бөлігі өңірлік деңгейде жастар ресурстық орталықтары мен жастар саясаты басқармасы арқылы таратылды – бұл бюджеттің 87 пайызы. Қалған бөлігі ішкі саясат басқармасы арқылы таратылды» - делінген зерттеу құжатында.

Елорда көш басында, Қостанай облысы соңында

PaperLab дерегінше, 2016 жылы Қазақстандағы жастар саясаты бюджеті 1,63 млрд теңге болса,  2017 жылы  2,85 млрд теңгеге өскен. 2018 жылдан бастап жастар саясаты шығыны 2,75 млрд-қа, ал 2020 жылы 2,63 млрд-қа қысқарған. 2020 жылғы мәселені пандемия әсерінен деуге де болады. Алайда  Қазақстандағы жастар саясатына кеткен жалғыз шығын бұл емес, себебі  ЖРО аудан деңгейінде құрылды және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аудандық және республикалық бюджет деңгейінде жүзеге асырылады.

Зерттеушілер соңғы бес жыл ішінде қаржыландыру көлемі бойынша бюджеті миллиардтан асып жығылған төрт өңір көш бастап тұрғанын жазады. Олар – шамамен 2 млрд теңге жұмсаған Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы – 1,5 млрд теңге, Түркістан облысы – 1,4 млрд теңге және Алматы облысы – 1,3 млрд теңге.

 

«Кемінде бір миллиард ақшаны Атырау (939 млн теңге), Павлодар (873 млн теңге) және Қарағанды (787 млн теңге) облыстары жұмсады. 500 млн теңгеден жоғары Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары жұмсады. Шығыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы және Шымкент қаласы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға өз бюджеттерінен 443, 411 және 389 млн теңге сәйкесінше жіберді. Бәрінен аз бюджеттер төрт өңірлерде жұмсалған – Солтүстік Қазақстан (281 млн теңге), Жамбыл (275 млн теңге), Ақмола (183 млн теңге) және Қостанай (162 млн теңге) облыстары. Орташа есеппен соңғы бес жылда шығыс бір жас адам басына 3237 теңгені құрады» - дейді зерттеу авторлары.

Сондай-ақ PaperLab зерттеушілері әр жас адам шығынын өңіріне қарай бағалап көрген. Зерттеушілер дерегіне сәйкес, шығын бойынша көшбасшы тағы Нұр-Сұлтан қаласы – елордалық жас тұрғын басына 9100 теңге, бұл орташа шығыны соңғы бес жылда 911 теңгеден аспаған қостанайлық жастардан он есе көп.

 

«Екінші және үшінші орында Атырау мен Павлодар облыстары орналасқан – адам басына 6890 және 6012 теңгеден, дегенмен жалпы шығыстардың рейтингісінде олар үшінші және төртінші орында орналасқан. Қызылорда, Алматы облыстары, Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысы бір адам басына 3167-ден бастап, 4330 теңгеге дейін жұмсады (4-сурет). Алты өңір 2097-ден 2789 теңгеге дейін жұмсады: Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, СолтүстікҚазақстаноблыстарыжәне Шымкент қаласы. Шығыс Қазақстан, Ақмолажәне Жамбыл облыстары мемлекеттік жастар саясатына екі мыңнан аз, бірақ бір мыңнан көп болатын қаржы жұмсады», - делінген зерттеуде.

Ең қымбат жобалар – «ЖасылЕл» мен «Студенттік құрылыс жасақтары»

Сарапшылар жастар саясатын жүзеге асырудың негізгі формаларының бірі жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс екенін жазады. Осылайша, 2016-2020 жылдар аралығы барлық өңірдегі жастар саясаты басқармасы 4,9 млрд теңгелік мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс  жариялаған. Бұл сома Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша өтпеген конкурстан кейін бір көзден қаржыландыруды (БКҚ) қамтиды.

«Қаржыландырудың өсуін пандемия кезінде жастарды қолдау шаралармен, ал бір көзден алу тәсілін пайдалануының күрт қысқаруын МЖС-на арналған МӘТ-та қатысатын жастар ұйымдары санының және олардың арасында бәсекелістіктің өсуімен түсіндіруге болады. Әлеуметтік тапсырыс бойынша ең көп шарттар саны құны 2-ден 5 млн теңгеге дейінгі жобалар бойынша жасалған, ол 211 шарт немесе барлық шарттардан 37,5%-ы. Келесісі – келісімжасалған шарттар саны бойынша сомасы 1-ден 2 млн теңгеге дейінгі жобалар – 132 шарт немесе барлық келісім-шарттардың 24%-ы. Құны 20 млн теңгеден жоғары жобаларға ең аз шарттар жасалған, барлығы 40 шартқа қол қойылған. Алайда, 40 шарт жалпы сомасы 2 млрд теңгеге жасалды. Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа жұмсалған барлық қаражаттардың 52%-ы Ең қымбат жобалардың басым бөлігі «Жасыл ел» жобаларына және студенттік құрылыс жасақтарына бағытталған», - делінген құжатта.

PaperLab дерегінше, Жастар ресурстық орталықтарын 2016-2020 жылдардағы облыстық және республикалық маңызға ие қалалар бюджеті есебінен жасалатын қаржыландыру сомасы – 6 млрд теңге. Сондай-ақ зерттеушілер ЖРО-н қаржыландыру жылдар бойынша бір деңгейде болғанын атап өтеді. Орта есеппен жыл сайын ЖРО-н қаржыландыру 1,2 млрд теңгені құраған.

«Алайда, өңірлер бойынша ЖРО-н қаржыландыр умұндай біркелкі емес. Бес жылдық кезең бойынша төрт өңірдің ЖРО бірінші орындарға ие болды. Олар – Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысы, олар ЖРО-на 1,1 млрд теңгеден көп жіберді. Түркістан облысы 946 млн теңге және Алматы 641 млн теңге жұмсады. Алдыңғы қатардағы үш өңірде жастардың орташа саны 400 мың адамнан асады» - дейді сарапшылар.

Суицид пен қылмыс – ең бастысы емес

Зерттеушілер үшін маңызды болғаны – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механихмі арқылы бөлінетін бюджет қаржысы қандай тақырыпты қолдап, қандай мәселені шешу үшін жұмсалатынын зерттеу маңызды болды. PaperLab мемлекеттік тапсырыстар порталы 2016-2020 жылдар аралығында 3,9 млрд теңгеге жасалған 562  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс келісімшартын шығарып бергенін айтады.

 

«562 шарттардың тақырыптық лоттары 17 тақырыптық бағыттарға біріктірілді, олар төмендегі кестеде ұсынылған. Барлық ойнатылған лоттардың үштен бір бөлігін «Жасыл Ел» еңбек отрядтарын қаржыландыру бойынша жобаны құрайтындығы, оған аталған кезеңде бір миллиард теңгеден көп жұмсалғандығы белгілі болды. Келесі ірі шығыстар бабы – бұл насихаттау бойынша жобалар (23%). Шарттарды талдау көрсеткендей, насихаттау бойынша жобалар, негізінен, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды, салт-дәстүрді, патриоттық тәрбиені, жалпыұлттық келісімді алға жылжытуға бағытталған», - дейді зерттеушілер тобы.

PaperLab зерттеушілер бірқатар лоттардың атауын да ұсынған:

  • «Ұрпақтар сабақтастығы және салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау жобасын іске асыру»;
  • «Аймақтың жасөспірімдері мен жастары арасында рухани-отбасылық құндылықтарды, патриоттық тәрбие беруді және құқық бұзушылықтың алдын алуды насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру»;
  • «Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру»;
  • «Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру қызметі»;
  • «Жастар ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттауға, толеранттылыққа тәрбиелеуге, жалпыұлттық келісімге бағытталған іс-шаралар кешені»;
  • «Отан-отбасынан басталады» атты отбасылық құндылықтарды насихаттау қызметін көрсету».

«Шарттардың жалпы сомасынан 400 млн теңгесін немесе 11%-ң жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еріктілікті дамыту секілді тақырыптық бағыттары құрады. Айта кету керек, еріктілікке бағытталған 419 млн-нан бір жоба 168,5 млн теңгені құрады, ол Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылы іске асырылған халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне еріктілерді дайындау бойынша іс-шаралар», - делінген зерттеушілер ұсынған деректе.

PaperLab сарапшыларының зерттеуі жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы тақырыптарының сан алуындылығына қарамастан, бюджет қаржысының басым бөлігі (50%-дан аса шығын бөлігі) тек екі бағытта – «Жасыл ел» жобасы мен жастар арасындағы үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалатынын көрсетіп отыр.

«Егер бірінші жағдайда жобаның тиімділігін бағдарламаға қатысатын жастарды қамту немесе көгалдандыру ауқымы арқылы бағалауға мүмкіндік бар болса, онда екінші бағыт бойынша нәтижелерді және жастар үшін практикалық құндылықты өлшеу бойынша сұрақ туындайды. Бұл ретте жастар арасындағы суицидалды мінез-құлық және қылмыс секілді әлеуметтік өткір проблемаларды шешуге бағытталған жобаларды пропорционалды емес төмен қаржыландыру байқалады», - деп қорытындылайды зерттеу тобы.

Байланысты жаналықтар

В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

26.03.2024

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

13.02.2024

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

26.01.2024

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

24.01.2024

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

15.01.2024

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

20.11.2023
MalimBlocks
В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

В Казахстане рекордно снизилась статистика создания новых браков, и это при том, что численность молодежи растет. Как сообщают аналитики Ranking.kz, за январь–декабрь 2023 года в стране зарегистрировали брак 120,9 тыс. пар. Это на 6% меньше, чем годом ранее.

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

В четвертом квартале 2023 года среднемесячная заработная плата составила 393.6 тысяч тенге, увеличившись на 12% с предыдущего квартала. Но радоваться этому не стоит. Аналитики «Халык финанс» считают, что такой рост связан с выплатами премий в конце ушедшего года.

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

Почти половина жителей Казахстане имеет среднемесячные доходы на душу населения ниже минимальной заработной платы (85 тыс. тенге). При этом больше половины этих доходов люди вынуждены тратить на продукты питания. Зато 10% наиболее богатых людей в стране владеют почти 60% всех активов домохозяйств, что ставит Казахстан по уровню имущественного неравенства в один ряд со странами Африки. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном исследовании «Экономическое неравенство населения в Казахстане».

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

Сырьевая направленность экономики и низкая производительность труда мешают казахстанцам больше зарабатывать. Частный сектор, малый и средний бизнес не то что не стали опорой экономики и источником ее эффективности, но и стагнируют. Тем временем государство увеличивает свою роль во многих сферах, позволяя оставаться на рынке низкопроизводительным компаниям. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном отчете «Рынок труда Казахстана 2023 - низкая производительность, скрытая безработица, региональный дисбаланс».

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

Центр социологических и политических исследований «Стратегия» опубликовал рейтинг управленческой элиты за 4 квартал 2023 года

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

Ухудшение социально-экономического положения в странах Центральной Азии на фоне войны в Украине снова стало поводом для обсуждения возможности экономической интеграции. В среду, 15 ноября, эксперты Central Asian Think Tanks Forum, организованного PaperLab в Астане, размышляли, как нашим странам стоит объединять усилия, чтобы наконец перестать быть объектом геополитических и экономических интересов мировых держав и становиться самодостаточным регионом.