Нұрлан Ермекбаев: Депутаттар әскерге шақырылмайды

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 03.04.2020

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Хабар 24 арнасында онлайн брифинг өткізіп, Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлығын түсіндірді.

"Бұл жарлықтың басты мақсаты - ең алдымен халқымыздың денсаулығын сақтау мен қорғау.

Әкімдерге аумақтық қауіпсіздікті сақтау үшін әскери міндеттілерді шақыруға мүмкіндік береді.

Жиындар  үш айға созылуы мүмкін. Нақты уақыты әлі белгілі болған жоқ. Жергілікті әкімдер өздері шешеді. Кейбір аймақта он күн, кейбірінде одан да ұзақ уақыт болуы мүмкін. Кей аймақтарға жиын өткізудің керегі жоқ болуы мүмкін. 

Қазір әскерилердің бәрі күзетте, қызметте.  Әскери жиынға барғандарға барлық әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жиындарға барғандардың жұмысы сақталады. Жұмыста қанша айлық алса, әскери арнаулы жиында да сонша ақша алады. Мысалы 200 мың айлық алса, әскери арнаулы жиында да сол айлықты алатын болады. Егер жұмысы жоқ болса, орташа айлық алады.

Бұл арнаулы жиынды мобилизациямен шатастыруға болмайды. Әкімдер шақырушылардың отбасылық жағдайына қарайды. Кімдер өз еріктерімен барғысы келсе, оларды бірінші алу керек.

Президенттің жарлығынан соң, жастар көп хабарласып, өздері әскери аумақтық жиындарға баруға өтініш айтып жатыр. 

Қазір төтенше жағдай кезінде бірге болсақ, осы жағдайдан тез өтеміз.

Арнаулы жиындарға әскери тіркеуде тұрғандар мен денсаулығы жарайтын азаматтардың бәрі шақырылады. Мемлекеттік қызметтің қорғаныс саласында істейтіндер, педогогтар, авиация қызметкерлері, әскери оқуда жүргендер, үштен көп баласы барлар, жасы үлкендер, әйелдер мен депутаттар әскери жиынға шақырылмайды.

Әскери жиынға шақырылғандар таңертең барып, кешке қайтады. 

Қазір он мың әскери қызметкер республикамызда төтенше жағдай кезінде әртүрлі қызмет етіп жатыр. Әскери жиынға шақырылғандарға әлеуметтік, медициналық көмек көрсетіледі.

Әскери шақыруға келмегендер әкімшілік жауапқа тартылады", - деді министр.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев: Анархияға жол бермейміз

22.09.2020

Тоқаев дәрігерлерге қалай көмектеседі?

29.03.2020

Дулат Ағаділдің туыстары халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады

19.06.2020

Медицина мифтері: Күніне 2 литр су ішу керек пе?

14.03.2020

Ақымақ Петряның желқобызы (румын ертегісі)

08.04.2020

Сараң Безос жерді құтқаруға $10 млрд бөлді

18.02.2020
MalimBlocks
Тоқаев: Анархияға жол бермейміз

Тоқаев дәрігерлерге қалай көмектеседі?

Дулат Ағаділдің туыстары халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады

Медицина мифтері: Күніне 2 литр су ішу керек пе?

Ақымақ Петряның желқобызы (румын ертегісі)

Сараң Безос жерді құтқаруға $10 млрд бөлді