Бас қала мен Алматыға ұшу үшін тест тапсыру керек

Malim Админ

  • 28.04.2020

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  Нұр-Сұлтан және Алматы арасында 1 -мамырдан басталатын жолаушы ұшақтарының ұшу тәртібін жариялады. Екі қала арасындағы әуе қатынасын ашу қажеттігін президент 27 сәуірдегі үндеуінде айтқан болатын.

Сонымен,  1 мамырдан бастап күніне 4 рейс болмақ,  оның ішінде 2 рейсті "Эйр Астана", 1 рейсті "Fly Arystan" және 1 рейсті "SCAT" әуе компаниясы орындамақ.

 

Әуе акомпаниясы Кесте ӘК түрі/ сыйымдылығы
1.     Эйр Астана 1.Алматы (06:55) – Нұр-Сұлтан (08:40) (Рейс КС-951)

Нұр-Сұлтан (09:40) – Алматы (11:20)

(Рейс КС-952)

 

2. Алматы (19:45) – Нұр-Сұлтан (21:30)
(Рейс КС-855)

Нұр-Сұлтан (22:30) –  Алматы (00:10)

(Рейс КС-856)

 

Embraer 190/
108 орын
2. Fly Arystan Нұр-Сұлтан (10:50) – Алматы (12:30)
(Рейс KCX-7056)

Алматы (13:00) – Нұр-Сұлтан (14:40)

(Рейс KCX-7055)

Airbus 320/
180 орын
3. SCAT Алматы (09:00) – Нұр-Сұлтан (11:30)
(Рейс DV-713)

 

Нұр-Сұлтан (12:30) – Алматы (15:00)

(Рейс DV-714)

Boeing 737/

144 орын

Ал билеттер бүгіннен бастап сатылмақ.

«Әуе компаниялары олардың бағасын рейстер тоқтатылғанға дейінгі деңгейде сақтауға міндеттеме алады. Әрі қарай жағдай жақсарып жатса, рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралады» делінеді тиісті министрлік таратқан хабарламада.

Басты назарға алынатын мәселе:­

санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтау. Яғни, осы екі қаланың бірінен біріне ұшу үшін:

- жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн);

- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);

- термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;

- әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру қажет.

Осындай шарттардан сүрінбей өтіп, ұшаққа отырсаңыз, бортта бұрынғыдай  тамақ берілмейді.  Санитарлық қауіпсіздік талабы сондай, енді.

Айтпақшы, ұшқысы келетін азаматтар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен ақылы жасатуы керек. Шамамен ол 20 мың теңгедей болады. Тест өтуге болатын зертханалардың мекенжайлары мен телефондарын ұсына кетейік:

  1. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы: Желтоқсан көшесі 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77.
  2. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы: Жібек Жолы көшесі 3, тел. 8 (7273) 82-35-65, 8 (727) 259-00-77.
  3. «Олимп» КДЗ Нұр-Сұлтан қаласында: Республика даңғылы 2/1, Гёте көшесі 3, Б. Момышұлы даңғылы 16, Абылай-хан даңғылы 12/1, Е-10 көшесі 2 үй, Манкент 2 көшесі (мобилді пункт). Тестілеу 8701 961 7008 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp)
  4. «Олимп» КДЗ Алматы қаласында: Медеу ауданы – Халиуллин к-сі 32, Сейфуллин к-сі 549, Жандосов к-сі 1В; Алмалы ауданы – Байзақов к-сі 221/155, Гагарин к-сі 236б.  Тестілеу 8701 961 7307 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp)
  5. «INVIVO» зертханасы Алматы қ-сы: Қарасай батыр к-сі 123, Call-center: 8 727 258 83 83, 8 778 769 38 81