Тоқаев уәдесінде, Тоғжанов сөзінде тұра ма?

Malim Админ

  • 05.07.2020

Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екі кештің арасында брифинг өткізді.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов дәрі-дәрмек бағасын көтергендер жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Тоғжановтың дерегінше Алматы қаласында мамыр айында 1 айдың ішінде 50 мың ғана парацетамол орамасы сатылса, қазіргі уақытта 1 тәуліктің ішінде ғана 100 мың парацетамол ормасы сатылған. Дәл осындай жағдай дене қызуын өлшейтін аспапқа да қатысты. Алматыда 1 жылдың ішінде 100 мың қызу өлшегіш сатылатын болса, қазіргі уақытта дәл осындай көлем бір аптаның ішінде ғана сатылып кеткен.

«Халықты толғандырған маңызды мәселе - дәріханаларды дәр-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта бірқатар себепке байланысты дәріханаларда дәрі тапшылығы шынымен байқалып отыр. Біріншіден, адамдар дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуынан халық тарапынан сұраныс жоғары болып тұр. Кей азаматтарымыз ондап, тіпті одан да көп орама парацетамол мен өзге де дәрілерді бірден сатып алады.

Екіншіден, алақол бәсекелестік бар. Яғни, алыпсатарлар дәрі-дәрмекті көтерме сатып алған. Осыған байланысты құзіретті құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмек препараттарының шекті бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Анықталған барлық фактілер бойынша заңнамамен бекітілген тәртіппен жауапкершіліке тарту шаралары қабылданады», - деді Тоғжанов.

Екі кештің арасында брифинг берген Тоғжановқа дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында "Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады", – деп жазған еді.

Лауазымды тұлғалардың сөзі желге ұшып, өздері жерге қарап қалмайтын шығар. Ел дәрі-дәрмек іздеп, босып кетті. Екі мың теңгенің дәрісі 40 мыңның үстінде сатылып жатыр деген дерек әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Мұндай деректің ондаған мысалын қиналмай келтіруге болады. Оны Тоқаев та, Тоғжанов та мойындап отыр.

Енді жағдай реттеліп, Тоқаев уәдесінде, Тоғжанов сөзінде тұра ма?

Байланысты жаналықтар

"Мәжіліс сайлауы онлайн өтуі мүмкін"

14.10.2020

Тоқаев тікелей эфирде қалыңдығына сөз салған журналисті мақтады

23.06.2020

Бейруттағы жарылысқа қатысты Сыртқы істер министрінің түсініктемесі

05.08.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматы – экономикамыздың басты қозғаушы күші

17.03.2021

Қазақстандағы «маски-шоу»

23.03.2020

"Мазақ еткендері жетеді": Аналар Тоқаевқа үндеу жасады

05.05.2021
MalimBlocks
"Мәжіліс сайлауы онлайн өтуі мүмкін"

Тоқаев тікелей эфирде қалыңдығына сөз салған журналисті мақтады

Бейруттағы жарылысқа қатысты Сыртқы істер министрінің түсініктемесі

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматы – экономикамыздың басты қозғаушы күші

Қазақстандағы «маски-шоу»

"Мазақ еткендері жетеді": Аналар Тоқаевқа үндеу жасады