Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Тоқаев уәдесінде, Тоғжанов сөзінде тұра ма?

malim Авторы: malim
05.07.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екі кештің арасында брифинг өткізді.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов дәрі-дәрмек бағасын көтергендер жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Тоғжановтың дерегінше Алматы қаласында мамыр айында 1 айдың ішінде 50 мың ғана парацетамол орамасы сатылса, қазіргі уақытта 1 тәуліктің ішінде ғана 100 мың парацетамол ормасы сатылған. Дәл осындай жағдай дене қызуын өлшейтін аспапқа да қатысты. Алматыда 1 жылдың ішінде 100 мың қызу өлшегіш сатылатын болса, қазіргі уақытта дәл осындай көлем бір аптаның ішінде ғана сатылып кеткен.

«Халықты толғандырған маңызды мәселе – дәріханаларды дәр-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта бірқатар себепке байланысты дәріханаларда дәрі тапшылығы шынымен байқалып отыр. Біріншіден, адамдар дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуынан халық тарапынан сұраныс жоғары болып тұр. Кей азаматтарымыз ондап, тіпті одан да көп орама парацетамол мен өзге де дәрілерді бірден сатып алады.

Екіншіден, алақол бәсекелестік бар. Яғни, алыпсатарлар дәрі-дәрмекті көтерме сатып алған. Осыған байланысты құзіретті құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмек препараттарының шекті бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Анықталған барлық фактілер бойынша заңнамамен бекітілген тәртіппен жауапкершіліке тарту шаралары қабылданады», – деді Тоғжанов.

Екі кештің арасында брифинг берген Тоғжановқа дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында “Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады”, – деп жазған еді.

Лауазымды тұлғалардың сөзі желге ұшып, өздері жерге қарап қалмайтын шығар. Ел дәрі-дәрмек іздеп, босып кетті. Екі мың теңгенің дәрісі 40 мыңның үстінде сатылып жатыр деген дерек әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Мұндай деректің ондаған мысалын қиналмай келтіруге болады. Оны Тоқаев та, Тоғжанов та мойындап отыр.

Енді жағдай реттеліп, Тоқаев уәдесінде, Тоғжанов сөзінде тұра ма?

Tags: Ералы ТоғжановҚасым-Жомарт Тоқаев

Ұқсас жазбалар

Үкіметтегі ауыс-түйіс: Небәрі екі министр ауысты

Авторы: malim
18.01.2021
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамы туралы жарлыққа қол қойды.  Екі министр ауысты демесеңіз, қалған министрлер өз орнында қалды. Ұлттық...

Жанболат Мамай полицейлерді сотқа бермек

Авторы: malim
18.01.2021
0

Сайлау күні бейбіт шеруге шығып, полиция қоршауында қалған Oyan, Qazaqstan қозғалысының мүшелері мен Демпартия бастамашыл тобы Алматы полиция департаментін сотқа...

Инфографика "Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қырлары: әсеені зерттеу және білім саясатын өзгерту" жобасы аясында дайындалды

Қазақстандағы отбасылардың жартысында ғана жоғарғы жылдамдықты интернет бар

Авторы: malim
18.01.2021
0

Шымкенттегі 5 отбасының тек біреуі ғана кеңжолақты сымды интернетке қолжеткізсе, қала мектептеріндегі бір компьютерге шаққандағы оқушы саны – 23. Орталық...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Көрнекі сурет

Өңір өміріндегі өнер сапары

19.12.2020
Қазақстандықтың жоспарына қарсы ауыл тұрғындары

Қазақ олигархы британдық ауылдың мазасын алып жатыр

21.09.2020
Министр А.Аймағамбетов "Үздік педагог" атағын табыстау салтанатында. 
Фото: egemen.kz

“Аймағамбетов “Үздік педагог” атағын заңсыз үлестірді”

27.10.2020

Жұмыртқадан ­балапан, балапаннан табыс шығады

23.07.2020

Үй иесі: Bek Air өзімді кінәлі етіп шығармақ (жедел сұхбат)

10.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!