Коронавирус бойынша әлемдегі жағдай

Malim Админ

  • 08.07.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше коронавирусқа 11,5 млн аса адам шалдығып, 535 мыңнан аса адам көз жұмған. ДДҰ індеттің өршіп бара жатқанын мәлімдейді. Өткен аптаның өзінде 400 мың адам COVID-19 жұқтырған екен. Алайда, ДДҰ-ның басшысы Тедрос ГЕБРЕЙЕСУС пандемия әлі өз шырқау шегіне жеткен жоқ дейді.

Індеттің ошақтарына айнлаған мемлекеттерге тоқталсақ:

-Үндістан. Күн сайын инфекция жұқтырғандар саны 20 мыңнан асады. Соңғы тәулікте 24 248 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Адам өлімі бойынша әлемде сегізінші орында тұр.

-Бразилия. Денсаулық сақтау министрлігі осы аптада 38 мыңға жуық адамның коронавирусқа шалдыққанын мәлімдеді. Адам өлімі мыңнан асып кетті. Ел президенті Жаир Болсонару да індет жұқтырып алғанын айтты.

- Израиль. Індеттің өршуіне байланысты билік қайтадан шектеулер орната бастады. Ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың мәлімдеуінше, апта басында коронавирусқа шалдыққандар 500 болса, соңғы күндері бұл сан екі есеге өскен. Демалыс орындары, барлар мен клубтар, спортзалдар жабылып, көп адамдар бас қосатын шараларға да тыйым салынған. Мемлекет басшысы Израиль локдауынға бір қадам қалды дейді.

-Корея. Маусым айының соңында Оңтүстік Корея билігі коронавирустың екінші толқыны жайлы айтқан-ды. Тэджон қаласында қатаң шаралар қабылдап, спорт нысандарын, музей мен кітапханаларды жапты.

- Ресей. Коронавирус індеті президент Владимир Путиннің рейтингіне әсер етті. «Левада-центрдің»  мәліметінше мемлекет басшысының рейтингі сәуір айында 59% болса, мамырда 25 % түсіп кеткен. 20 жыл билік еткен Путиннің рейтингі дәл былай түспеген еді. Сарапшылар бұған елдегі коронавирустың өршіп кетуі әсер етті дейді. Халық адам өлімі мен ем-домға қатыст ресми ақпараттарға сенбейді.

- Еуропа. Жағдайға тұрақтанды дегенімен кейбір елдерде індет халықты әбігерге салып жатыр. Мәселен, Испания мен Сербияда. Сербия билігі Белград қаласында 10 мен 13 шілде күндері комендаттық сағат орнатады. Қалада 299 адам індет жұқтырып, 13 адам көз жұмған. Сондай-ақ, төтенше жағдай Сербияның 19 қаласында жарияланды.

Жаңа шектеулерге қарсы Белградта халық ереуілге шығып, полицияға қарсылық көрсеткен. Шерушілер автокөліктер мен қоқыс бактарын өртеген. Парламент алдына 5 мыңға жуық адам жиналып, оппозиция өкілдері бастаған топ ғимаратқа басып кірген.

Сондай-ақ, ЕО экономикалық ахуал қиындады. Сарапшылар еуропа экономикасы биылғы жылы 8,3 % құлап, келесі жылы 5,8% қайта орнына келеді дейді.

-АҚШ. АҚШ-тың бас эпидемиологы Энтони Фаучи коронавирустың алғашқы толқынында тым қиын жағдайда қалғандарын айтады. Апта басында өлгендер саны 130 мыңнан асты. Вирусты жұқтырғандар саны 3 млн жуықтады.

- Австралияда алты жылдық локдаун. Мельбурнде коронавирустың кесірінен халық көп шоғырланған Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльс штаттарының шекарасын жабады. Қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

 

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды