Зиян ішімдік пайдалы спиртке айналмақ

  • 21.07.2020
  • Malim Админ

Алматы облысының Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері заңсыз зиянды ішімдікті, пайдалы спиртке айналдырмақ. Бұл комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы–Қапшағай күре жолында бес тонна жалған алкоголь өнімі бар көлік ұсталған. «Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Алматы-Қапшағай тас жолында бес тонна жалған алкоголь өнімін ешқандай рұқсат құжаттсыз Талдықорған қаласына тасымалдаған «Мерседес» маркалы жүк көлігі ұсталды», дейді баспасөз қызметі. Заңсыз алкоголь өнімдері Алматы облысының жиырма жеті жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Тінту кезінде, құрамында спирті бар бес литрлік мың бөтелке табылып, тәркіленген.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалып, одан кейін спирт өнімін Алматы облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына беру мәселесі қаралады екен. Бұл қолдауға тұратын-ақ дүние. Мемлекеттен жасырып істелген дүние, мемлекетке тиесілі.

Жалпы осы тас жолдан заңсыз тауарлар көп тасымалданады. Бұған дейін заңсыз ауланған балықтады тасымалдаған жүк көлігінің ұсталғанын хабарлаған едік. Еліміздің заңын қадағалайтын органдар өз қызметтерін атқарып, заң бұзушыларды жиі ұстап жүр. Заң бәріне ортақ.

Оның үстіне ішімдікпен күрес қазір алдыңғы орынға шықты. Салауатты өмір салтын ұстану қазіргі күні бұрынғыдан да маңызды. Бұл тәркілеу көп жамандықтың алдын алдыдеп ойлаймыз.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе -Маңғышылақ бағытымен тышқандар да жүреді

13.10.2020

Баспаналы болудың жолдары көп

13.11.2020

Қазақтар мінген қымбат яхта Италияда өртенді (видео)

27.08.2020

Дәрігер: Жақында вирустың екінші толқыны басталады

27.09.2020

Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

23.06.2020

Қырғызстандағы төңкерістің артында топтық мүдде жатыр

07.10.2020