Ахметовтің Сәлімовке көңілі толмай жүр

Malim Админ

  • 23.07.2020

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ кеңейтілген аппарат кеңесін өткізді. Оған қала мен аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ хабарлайды.

Биыл өңірде 1 600 шақырымнан астам жол жөнделеді деп жоспарланып отыр екен. Облыс басшысы Өскемен және Семей қалаларын айналып өту, Октябрь және басқа да жолдар арқылы Катонқарағай ауданы бағытында жол салу сияқты бірқатар жобаларды бақылаунда ұстамақшы.

Сондай-ақ, Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫ сүт өнеркәсібінен түсетін пайданы екі есеге – 22 миллиардтан 40-қа дейін ұлғайтуды тапсырды.

2020 жылдың бірінші жарты жылдығы жаман емес деген облыс әкімі жұмысына көңілі толмайтын әкімдерді атады. Олар – Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ, Бесқарағай ауданының әкімі Шалқар БАЙБЕКОВ, Курчатов қаласының әкімі Алексей ГЛАЗИНСКИЙ.

«Өкінішке орай, барлық қалалар мен аудандар әкімдері өз жұмысына жауапкершілікпен қарамайды. Семей, Курчатов және Бесқарағай ауданы әкімдерінің қызметін көңілім толмайды.Семей қаласына келетін болсақ, біз жыл сайын қомақты қаржы бөлеміз, ал бюджет игерілмей жатыр. Қателерді пандемиямен жабуға болмайды. Тамыз айында әрбір әкімді жеке-жеке тыңдайтын боламын, нәтижесінде тиісті қорытындылар жасалады. Сондай-ақ, барлық әкімдерге Денсаулық сақтау нысандарын пайдалануға беру үшін дербес жауапкершілік алуды тапсырдым. Осы басқарманың басшысы індетпен күресуде, сондықтан әкімдер бұл нысандарды жеке бақылауда ұстауы тиіс. Бұл әсіресе Өскемен, Жарма және Ұлан аудандарына қатысты», - деді облыс басшысы.

Фото: time.kz

Байланысты жаналықтар

Ұшты, ұшты – әкім 26 миллионға ұшты

26.11.2020

Әуежайда Абайдың аты бар да заты жоқ...

20.05.2020
MalimBlocks
Ұшты, ұшты – әкім 26 миллионға ұшты

Әуежайда Абайдың аты бар да заты жоқ...