Ұшты, ұшты – әкім 26 миллионға ұшты

Даниал Ахметов басқаратын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі тендер арқылы 26,7 миллион теңгеге тікұшақпен тасымалдау қызметін сатып алған. Бұл қызметті өтпей қалған ашық конкурс нәтижесі бойынша бір көзден – "Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі" Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының қазыналық кәсіпорнынан алған. Бір көзден сатып алу бойынша жарияланған тендер 20 қараша күні аяқталды.
Тендердің техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, жеткізуші кез келген сәтте тапсырыс берушіні облыс ішінде тасымалдауға дайын болуы тиіс. Тікұшақтар Өскемен қаласының әуежайында тұруы қажет. "Қызмет көрсету Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағы бойынша 2020 жыл ішінде демалыс және мереке күндері күн сайын қажет; Тікұшақ фюзеляжының ішінде кемінде 22 адамды тасымалдауға мүмкіндігі бар болуы тиіс; Тапсырыс берушінің жазбаша немесе ауызша өтінімі берілген сәттен бастап 1 сағат ішінде шұғыл ұшып шығуды қамтамасыз ету керек", – делінген тендердің техникалық ерекшелік құжатында.
Жеткізуші бұл қызметті 2020 жылдың аяғына дейін көрсетеді. Талап бойынша, жыл аяғына дейін кемі 38 сағат қызмет көрсетуі керек.
Тікұшақ 22 жолаушымен қатар 3 мың келіге дейінгі жүкті тасымалдай алуы керек. Жеткізушіде "жазық және таулы жерлерде 2000 метрден кем емес биіктіктен асатын тікұшақпен, сондай-ақ қысқы және жазғы уақытта ұшуларды орындау мүмкіндігі болуы керек.Жеткізушінің әуе комитетінен алынған тіркеу куәліктері және тікұшақты қондыру үшін кемі екі пилоты болуы тиіс.
MalimBlocks

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы
Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...
Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке «сәлем» жолдады. Ол ШҚО әкімінің осыдан бірнеше күн бұрын айтқан сөзіне кереғар пікір білдіріп, жылыту жүйелеріндегі ақауға тек үкімет қана емес, әкімдер де кінәлі екенін айтты.
Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттар үшін бюджеттен 12 млрд жұмсалады
Жаңа құрылған Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу және жалға алу үшін 12 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.