13 қыркүйекте әнші Ерке Есмахан Tilu Fest сахнасында өнер көрсетті. Концерттен кейін әлеуметтік желіде тараған видео мен суреттер көпшіліктің назарын аударып, оқырмандар әншінің жүкті болуы мүмкін екенін қызу талқылай бастады, деп хабарлайды Malim.kz.
Көп ұзамай Ерке Есмахан желідегі пікірлерге Instagram парақшасындағы сторис арқылы жауап берді.
"Ішіме тиіспеңдеееер. Бұл - менің үш ұлдың анасы деген ең жоғарғы статусым ғой. Кететін шығар, босанғаныма 1 жыл ғана болды ғой", – деп жазды әнші.

Осылайша, өнер иесі көпшіліктің болжамына әзілмен жауап беріп, дене бітіміндегі өзгерістерді босанғаннан кейінгі кезеңмен байланыстырды.