freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты

Шоу-бизнес
Назира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/nazirabairbekcom

Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, журналист Назира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ол әйел адамның опасыздықты кешіруге міндетті емес екенін айтып, неке адалдығын отбасының басты құндылығы ретінде көретінін жеткізді.

"Өз құнын білетін, өзін-өзі бағалайтын, шекарасы анық, отбасын, неке адалдығын құнды дүнием, бақытымның өзегі деп қарайтын әйелдер опасыздықты кешірмейді", – деп жазды ол.

Назира Байырбекованың сөзінше, мұндай әйелдер 60, 70, 80 жаста болса да, неке адалдығын бұзған адаммен бір шаңырақ астында тұрмайды. Ол тіпті өмірінің соңғы күні болса да, өзін ешкімнің қор қылуына жол бермейтінін меңзеді.

"Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!", – деді журналист.

Сондай-ақ ол жазда ескі жер үй сатып алып, күйеуіне тосынсый жасау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізгенін де айтты. Оның айтуынша, сол уақытта балаларға да көңіл бөліп, үйдің жөндеу жұмыстарымен қатар айналысқан.

"Мынау менің жазда ескі жер үй алып, соны ремонттатып, күйеуім келгенше сюрприз жасап, үйді жарқыратып қояйыншы деп шап-шап боп жүрген кезім. Ауыр жұмыс істесем де, оның ауыртпалығын жеңіл көтеруге тырысатын адаммын", – деп жазды ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу