freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ажалға араша түсе алмадық": Бағдагүл сынықшы қайғылы хабарды жеткізді

Қоғам
"Ажалға араша түсе алмадық": Бағдагүл сынықшы қайғылы хабарды жеткізді
Бағдагүл сынықшы. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделді)

Ақтөбелік танымал сынықшы Бағдагүл әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабармен бөлісті. Ол құдасы Советханның дүниеден өткенін айтып, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бағдагүлдің сөзінше, Советхан – қызы Перизаттың бұрынғы қайын жұртының үлкені болған. Ол марқұмды ақжарқын, кеңпейіл әрі қонақжай адам ретінде еске алды.

"Советхан құдамыз өте ақ жүректі, кең пейілді, қонақжай, бауырмал жан еді. Біздерді әрдайым құшағын айқара ашып қарсы алып, ақ көңілімен төріне шығарып, өз бауырындай көретін. Адамға деген сыйластығы мен жүрегінің жылуы әрдайым есімізде қалады", – деп жазды ол.

Сынықшы марқұмның ұлы Ерсіннің әкесі ауырған кезде жанынан табылып, ем-домын ұйымдастырып, перзенттік міндетін атқарғанын да атап өтті.

"Амал нешік, Алланың ісіне шара бар ма, ажалға араша түсе алмадық. Ардақты құдамыздың дүниеден өтуі – баршамызға ауыр қайғы", – деді Бағдагүл.

Ол сөз соңында Советханның туған-туыстары мен құда-жекжаттарына көңіл айтып, марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы болсын деп тілек білдірді.

Еске сала кетейік, "Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев әлеуметтік желіде сырт келбетіне қатысты жазылған пікірлерге жауап берген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу