freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мақпал Жүнісова үйін жөндеген құрылысшыларға шағымданды

Шоу-бизнес
Мақпал Жүнісова үйін жөндеген құрылысшыларға шағымданды
Фото: Qaz365.kz

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова үйіне жөндеу жүргізген құрылысшылардың жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Әншінің сөзінше, жөндеу аяқталғанына бір жылға жуық уақыт өтпей жатып, үйдің қасбетіндегі қаптама бұзыла бастаған, деп хабарлайды Malim.kz. 

Qaz365.kz мәліметінше, өнер иесі жөндеу жұмыстары шамамен төрт айға созылғанын, ал оның жалпы құны 55 млн теңге болғанын жеткізді. Алайда қазір қасбеттің кей бөліктері қабырғадан ажырап, үгітіле бастаған.

"Міне, құрылысшылардың қалдырғаны осы. Өзіміздің қазақтың жігіттері. 55 млн теңге алды. Төрт ай бойы ауламда жатып, менің тамағымды ішті. Жесір әйелмін, қасымда ер адам жоқ деп, түсінбейді деп ойлаған шығар. Оларды танимын, бірақ аттарын атамаймын. Тек халық білсін деймін. Қараңыздаршы, бәрі түсіп жатыр. Мұндайда қалай жыламайсың? Замекең арамызда болғанда, бастарын жұлып алар еді", – деді Мақпал Жүнісова.

Әнші жариялаған видеода үй қасбетінің бірнеше жеріндегі қаптаманың қабырғадан ажырап, түсе бастағаны көрінеді. Мақпал Жүнісова мұны құрылыс технологиясының дұрыс сақталмауымен байланыстырады.

Сонымен қатар өнер иесі бұл мәселе бойынша сотқа жүгініп, уақыт жоғалтқысы келмейтінін айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу