Астанада 'Барыс Арена" маңындағы автотұрақта түнгі дрифт жол-көлік оқиғасымен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Halyqstan мәліметінше, оқиға 15 қыркүйекке қараған түні шамамен сағат 03:00-де болған. Куәгерлер тұрақ аумағында бірнеше көліктің дрифт жасап жүргенін видеоға түсірген.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, BMW жүргізушілерінің бірі көлікті басқара алмай, көше жарығының бағанасына соғылған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізіліп, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.